ALADOP.KZ
Комментатор күнделігінен

Алғашқы эфир

30-қыркүйек, 2010-жыл. Кешқұрым сағат тоғыздар шамасында Абай көшесімен келе жатырмын. Желтоқсан көшесіне бұрылып, Радионың кеңсесінің қасына келіп қалдым. Жоғары өрлеген сайын, ұлттық арнаның ғимараты да көз алдымда өсе берді. Жүрегім аузыма, тығылып, дем ала алмай, өзімді жайсыз сезіне бастадым. Әрбір жасаған қадамым ауырлай түсті. Өйткені санаулы сағаттан соң мен осы арнада өзімнің алғашқы эфирімді өткізбекшімін. Мақұл 5-10 минуттық бағдарламаға түсе салсаң мақұл. 90 минут футбол жүргізу керек. Мені комментаттор ретінде шақырып отыр. Казгуды бітіргеніме 2-ақ ай болған. «Алматы Ақшамы» газетінде тілшімін. Алдында 4-турдан тұратын кастингке қатысып, осы бір ойынды жүргізуге рұқсат алғанмын. Интер-Вердер арасындағы Чемпиондар лигасының ойыны.

Бастығым, әрі тәжірибиелі комментаттор Павел Цибулинмен бірге шығатын болдым эфирге. Бұл ойынды өмірі ұмытпастай болдым. Тікелей эфир де емес. Кеше өтіп кеткен ойын. Тікелей эфир әдеттегідей 00-45-те басталмақ. Біздікі соған дейін жай кешегі ойынды бір қайталап жіберу.
Оның өзі мен үшін ауыр жүк болып тұр. Павел біршама ақыл-кеңесін айтты да, жүзіме күле қарап, қолымды қысып тұрды да «Кеттік» — деді. Эфир басталды. Ғарышқа ұшатын адамдар секілді әсерде болдым. Студияның кең терезесінің ар жағынан режиссер қолын көтеріп, «Мотор» деп зекіп қалды. «Здравствуйте дорогие телезрители…» Павел күнделікті, әдепкі шаруасына кірісе кетті. Алғаш рет сөйлегелі отыған адамға қасыңдағы әріптесіңнің, түк білмегендей сарнай жөнелгені де кәдімгідей қысым екен. Мен олай сөйлей алмаймын ғой деген үлкен қорқыныш. Тіпті, жалпы не айтам? — деген де ойлар келді. Өзімнің сөйлейтін уақытымды үнсіз күттім. «А комментируют этот матч я Павел Цыбулин и мой коллега Ермухамед Маулен».
Үнсіздік. Қызылы жанған шамның нүктесін басып, микрафонымды қостым. Шамамен 12-15 секундтық үзіліс. Сөйлейін десем жүрегім аузыма тығылып, жұтына беремін. Ішімнен, «ал біссіміллә» дедім де әйтеуір іле кеттім. Бір ырғалып, бір жырғалып, не айтып, не қойғанымды білмедім. Өзімнің не сөйлеп отырғаным өзіме естілмейді. Құлақтағы стадионның гүрілдеген дауысы еңсемді басып тастады. Сөйлеп отырып бүкіл сүрген өмірім көз алдымнан жылдам айналып шыға кетті. Сөйлемді аяқтап, әріптесіме енді сен дегендей баспен изеп, ишарат білдірдім. Ол тіпті айтар ақпараты көп адамдай ағыла жөнеледі. Менде де ақпарат көп, бірақ жеткізе алмаймын. Ендігәрі жүргізбеспін. Ойыма келгені осы болды. Комментаторлық оңай шаруа емес екенін бірден ұқтым. Екінші сөйлер алдындағы ойым, кезекті рет микрафон қосар кездегімен мүлде сәйкеспеді. Өз өзімнің ұятымды жеңіп, бетім қалыңдап қалғандай болдым. Жеке өмір, үйде көріп отыған достарым, әке-шешемді ұмытуға тырыстым. Оларды ойласаң аузыңа сөз түспей қор болады екенсің.
Екінші таймға қарай жағдайым жақсара берді. Эттоо гол соғып, оғанда кішкене дауыс шығарып сөйлеп қоямын. Етім үйреніп келе жатқандай боп келеді. Енді ағылып сөйлей бастағанымды сезініп едім, төрешінің ысқырығы шалынды. Ойын аяқталған екен.
«Алғашқы қадамың тамаша» — деген бағаны естідім де, үйге қаштым. Тезірек, әлгі ойларымды ұмытқым келіп, ұлттық арнадан сүріне-қабына үйге қарай зыта жөнелдім. Телефонымды жол-жһнекей қоса кетсем ондаған смстер келіпті. «Тамаша», «Сен нағыз комментатор болатын адам екенсің ғой», «Даусың сондай жағымды» кімнен келгенін, кім жазғанын миыма кіріп-шығып тұрған жоқ. Алғашқы комментаторлығым осылайша өтті. Оның әсері 2-3 күннен соң бірақ бітті. Бұл менің комментаторлық ғұмырымдағы алғашқы эфир. Осылайша мен комментатторлық жолға түстім.

5 комментариев

Zhansaya Tauekelkyzy 5-Желтоқсан, 2013 at 10:01

Керемет. Окып отырып, озiм толкып кеттiм гой. Алгашкы комментаторлыгынызды кормесем де, коргендей асер алдым!)))

Жауап
Жұмағазиев Құрмет 6-Желтоқсан, 2013 at 7:27

Бұл матчты көргенмін Интер 4:0 Вердер осылай болды. Бәрі тамаша болды.

Жауап
Қорқыт 6-Желтоқсан, 2013 at 2:07

Тамаш Жұғысты болсын.

Жауап
Жако. МЕССИ & НЕймар и барса 26-Желтоқсан, 2013 at 8:07

Оте тамаша жагдай.алгашкы матчты жургизип отсыз

Жауап
Ернат Темірбеков 6-Қаңтар, 2014 at 7:57

Өте тамаша жүрегіме жетті, осы мақаланы кәдімгідей сезініп отырдым.Жүрегім бір тұтасып қалды, менің болашақтағы қадамым коментаторлық қызметте болу, бірақ оған жету оңай емес екенің түсінгендеймін.Қанша дегенменде қәзір нағыз пісіп жетілген коментаторсызғой сізденде әлі талай мықты-мықты нақты тұжырымды кеңестерді үйренерміз!!!

Мақала тамаша, айтарға сөзім жоқ!!!

Жауап

Добавить комментарий для Жұмағазиев Құрмет Бас тарту

*