ALADOP.KZ
Қазақстан

17 ЖАСҚА ДЕЙІНГІ ҚАЗАҚСТАН ҚЫЗДАР ҚҰРАМАСЫ БІШКЕКТЕ ӨТКЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРДЕ ТОП ЖАРДЫ

Қазақстан құрамасы «Үміт» халықаралық турнирінде екі ойында жеңіп, бір ойынды тең аяқтады.

Турнирдің соңғы ойынында Қазақстан құрамасы Тәжікстан құрамасынан 4:0 есебімен басым түсті. Елдана Әйтімбетова екі гол соқса, Александра Бурова мен Ділназ Жәкішева бір-бірден көзге түсті.

Турнир қорытындысы бойынша Александра Бурова үздік қорғаушы, Елдана Әйтімбетова үздік сұрмерген атанды.

Еске сала кетейік, Қазақстан құрамасы алғашқы ойында Өзбекстанмен (1:1) тең түсіп, екінші кездесуде Қырғыз Республикасының құрамасынан (5:1) басым түсті.

Тәжікстан WU-17 — Қазақстан WU-17 — 0:4 (0:0)

Голдар: Әйтімбетова 47, 59, Бурова 74, Жәкішева 80.

Қазақстан: Оразбекова (Түймебаева 64), Әйтімбетова (Абылғазиева 87), Шолақова, А.Шалмұқанбетова (Сейіткереева 54), Ташмет (Мұқашова 74), Бурова, Иванова, Ф.Исмаилова, Кенжетай, Көпжанова, Махаматова (Жәкішева 46).

Аға жаттықтырушы — Орынбасар Дәуренбекова

kff.kz

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*