ALADOP.KZ
Қазақстан

Қазақстан құрамасы ойыншыларының трансферлік құны қанша?

Жуарда ғана немістердің ең беделді www.transfermarkt.de интернет-сайты, Еуропа футбол одасы ассоция (UEFA) аумағында ойнайтын құрама ойыншыларының трансферлік құнын жариялаған болатын. Сол сайттың жариясы бойынша , Қазақстан құрамасында өнер көрсететін 24 ойыншының жалпы құны бар болғаны 7 млн. 375 мың евроны құраған.  2009 жылмен салыстырмалы түрде қарағанда, біздің ойыншылардың құны биыл 2 млн. 75 мың евроға қымбаттаған көрінеді. Ал, Кәрі құрлықтың ең бағалы командасымен яғни, әлем чемпиондары – Испания құрамасымен салыстырсақ, біздің құрама жігіттерінің құны,  бақандай 645 млн. евроға тең келіп отыр.

Ал, бұрынғы ТМД елдерінің ішінен бүгінгі күні трансферлік құны біздің елден арзан құрамалар, Эстония құрамасы  (6 млн 50 мың евро), Түркіменстан (1 млн. 875 мың евро ), Қырғызстан (640 мың евро) және Тәжікстан (275 мың евро) болды.

Шынында Қазақстан құрамасының ойыншыларының трансферлі құны қанша?

Осы орайда 2010 жылы Қазақстан құрамасында және өз командаларында сәтті өнер көрсеткен маңдайалды ойыншыларға тоқталуды жөн көрдік.

Қақпашы

Андрей Сидельников Ресей Федерациясының экс-азаматы, бүгінде Қазақстан азаматтығын алып, «Ақтөбе» футбол клубында өнер көрсетеді. Прмьер-Лига ойындарында өзін жақсы қырынан көрсете алғаны үшін, құраманың бұрынғы бас бапкері Андрейді ұлттық құрамаға шақыртқан да болатын. Бірақ іріктеу кезеңінде немістермен және бельгиялықтармен өткізген кездесуінде, қақпасынан 5 мәрте доп алып шыққан болтын. Десекте биыл «Ақтөбенің» қақпашысы еліміздегі ең бағалы қақпашы атағына ие болып, жалпы трансферлік құны – 200 мың евроны құрады.

Қорғаушылар

Қазақстан құрамасында ең соңғы қорғаушы қызметін атқаратын Алексей Поповтың келуі, біздің құраманың қорғанысын нығайта алмады. Бірақ, Алексейдің елге келуі құраманы 700 мың евроға байытты.

Қостанайлық «Тобыл» сапында Қазақстанның су жаңа чемпионы атанған Фархадбек Ирисметов ұллтық құрамада сол қапталды өз мойнына алған. Ол қарсыластарының шабуылын қайтарып қана қоймай, реті келсе шабуылдауды да жаны сүйетін ойыншы. Жақында ғана шымкенттік «Ордабасы» сапына ауысқан бұл қорғаушының жалпы құны биыл 200 мың евроға тең келді.

Қарағандылық Александр Кислицын өз  кезегінде оң қаптал қорғаушысының қызметін атқарады. Александрдің басты көзірі, жастығында (оның жасы бар болғаны 24-те) және соңғы минуттарға дейін допқа таласа алатындығынды. Қарағандылық жас таланттың биылғы маусымда сәтті өнер көрстуі, оның трансферлі құнынң 200 мың евродан 250 мың евроға дейін көтерді.

Жартылайқоғаушылар

Құрамада тіреуіш жартылай қорғаушы қызметін атқаратын және барлық айып доптарын орындайтын Қазыбек Гетериев былтырға қарағанда өзінің құның 100 мың евроға қымбаттатып, биыл оның құны 800 мың евроға теңеліп отыр. Соның нәтижесінде Қазыбек жуырда ғана «Жемчужинамен» сәтті келісім-шартқа отырған болатын.  Алматы облысы, Есік ауданының тумасы ,  Герман чемпионатының екінші бундеслигасында өнер көрсететін Генрих Шмидтгаль, халықаралық аренаға шығу арқылы өз құнын 900 мың евроға дейін жоғарылатты.

24-жасар ұлттық құраманың, өткен маусымда «Толбылдың» намысын қорғаған, бүгінгі таңда «Ордабасы» сапында жаңа маусымға дайындалып жүрген Азат Нұрғалиевтің құны 250 мың евроға бағаланып отыр. Ал, Қазақстанның үздік ойыншысы Нұрбол Жұмасқалиевтің 50 мың евроға өсіп, бүгінде 325 мың евромен тең келеді. Жақында ғана астаналық «Локомотив» командасының қатарын толықтырған, Қазақстан құрамасының капитаны Андрей Карповиятің бағасы өзгеріссіз 400 мың еврода қалуда.

Шабуылшы

Құраманың ең жас шабуылшыларының бірі Сергею Хижниченко. Сергейдің жасы бар болғаны 19-да ғана. Соған қарамастан жас талантқа бүгінде еліміздің азулы командалары көз тігуде. Қазірше Сергей голландиялық «Фенероойд» командасында байқауда жүр. Ал, оның трансферлі құны 475 мың евроны құрайды.

Қосалқы құрам

Былтырғы маусымда түрлі себептермен ұлттық құрама сапында өнер көрсете алмаған ойыншылар жөнінде де бірер ауыз айта кесек! Олардың көшін Қазақстан чемпионатының ең қымбат ойыншысы Таңат Нөсербесв бастап тұр. Шымкенттік «Ордабасының» шабуылшысы, Қазіргі таңда қарағандылық «Шахтер» сапында жаңа маусымға дайныдалып дүрген Таңат, биылғы маусым басталар алдында қатты жарақат алағн болатын. Содан кейін шымкенттік команданың жетекшілерімен келісімге келе алмай біраз әлек болғаны мәлім. Бірақ рынң бәрі Таңаттың трансферлі бағасына еш әсер ете алмай, бүгінде оның құны еш өзгеріссі 800 мың еврода қалуда. Ал, «Ақтөбенің» капитаны Самат Смақов 400 мың евроға бағаланса, павлодарлық «Ертістің» қақпашысы 200 мың евро тең болып отыр.

Уалихан ҚОСАНБАЙ

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*