ALADOP.KZ
Қазақстан

Хижниченко Оманда жүр

19-жасар Қазақстан Ұттық құрамасының шабуылшысы Сергей Хижниченко Роттердамның «Фейеноорд» командасында оқу жаттығу жиындарын өткеруде. Осыдан 1 ай бұрын байқауға кеткен отандасымыз осы күні командасымен Оманда жүр. Жұма күні Марио Беен баптайтын команда құрамында 23-аяқдопшымен Сухар жағалауына келіп, жаттығуда. Ұжымда Сергейден өзге тағы бір байқауда жүрген ойыншы бар, ол — Кристиан Симон. 11 қаңтар күні «Фейеноорд» Оманның олимпиадалық командасымен жолдастық кездесу өткізеді де, 14 қаңтар күні отанға оралады. Дәл содан кейін де Хижниченконың тағдыры шешілетін шығар.

5 қаңтар күні «Спартаға» қарсы өткізілген жолдастық кездесуде жерлесіміз 84 минутта алаңға шығып, ойын аяқталар тұста әріптесіне гол ұратын керемет пас шығарды.

Ермұхамед МӘУЛЕН

1 пікір

Абеке 12-Февраль, 2011 at 9:11

Хижниченко жас, болашағы алда. Қазақ футболына үлкен қуаныштар әкеледі деп ойлаймын. Жастарды футболға көп тартуымыз керек. Біздің ұлттық құраманың болашағы жастардың қолында! Сергей сен ерінбей еңбек етсең, мұратыңа жетерсің.

Жауап

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*