ALADOP.KZ
Үздіктер

Месси мен Марта теңдесіз немесе Алтынтоптың алтын добы

Күллі әлем Мессиге қол соқты. Аргентинаның дарабозы өзінің дара екенін тағы бір мәрте дәлелдеді. Былтырда бұл Мессиді әлем “теңдесіз футболшы” деп таныған болатын.

Әлем чемпиондары Хави мен Иньеста да, тіпті Криштиану Роналду да Мессидің алдында қауқарсыз болды. Елінің маңдайына біткен ұл екі жыл қатарынан екінші атанғаны есте.

Енді міне екі жыл тізгінді ешкімге бермей келеді. Аршавин айтпақшы “Месси әлі 8 жыл дәл осылай ойнайды” Ия, сөзінде жаны бар, бұл толағайды әлі талай толағай табыстар күтіп тұр. Мессиді көріп, қазақтанда дәл осындай бір ұл шықса ғой шіркін деп қиялдайсың , армандайсың.

Бірақ бұл арманға әлі ерте екенін ұқтық. Кеше Цюрихте өткен салтанатты рәсімде біз күтпеген жағдай болды. Масқара болып Түркиядан өз қақпамызға Алтынтоптан қалай доп жібергенімізді ұмыта қоймаған шығарсыз жанкүйер. Қалай ұмытасын оны бірақ ? Сол соғылған допты әлем үздік деп тауыпты. Ия, Алтынтоптың алтын добына атақты “Пушкаш” сыйлығы берілді. Кім ойлаған? Бірақ әлем бізге тағы да күлді. ФИФА басшылары Алтынтопқа “Пушкаш” сыйлығын тапсыруға Қазақстаннан Алексей Сидельниковты арнайы шақыртыпты. Сонда Сидельниковтың күллі әлем алдында айтқаны: ” Алтынтоп менің сенен өтінерім енді біздің қақпаға мұндай доп соқпашы”. Сол мезетте Месси мен Роналду жымыйа күлді. Ал біз көгілдір экран алдында не күлерімізді, не жыларымызды білмедік. Жә, Алтынтоптың соққан добы біздерге сабақ болды. Енді осыдан кейін өз қақпамызды берік ұстайтын шығармыз. Бәрініңде қайтарымы болады. Ертең қазақ баласы да ”Пушкаш” сыйлығын алатын күн алыс емес.

1 пікір

Абай Асанкелдіұлы 21-Январь, 2011 at 7:49

Байқұс қазақстан футболы! Қазақтар шықпай оңбассың!

Жауап

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*