ALADOP.KZ
Шолу

Өзбекстан футболшылары ширек финалда

Ертең футболдан Катарда өтiп жатқан Азия кубогының топтық бәсекелерi аяқталады. Жексенбi күнi А тобынан Өзбекстан мен Катар футболшылары қара үзiп шықты.

Алғашқы турда алаң иелерiн 2:0 есебiмен ұтқан Өзбекстан құрамасы 3-турда Қытай футболшыларымен тең ойнап, нәтиже­сiнде жетi ұпай жинап, А тобында бiрiншi орынға ие болды. Өзбекстан аяқдопшыларының соңынан iле-шала Катар футболшылары да ширек финалға жолдама алды. 2-турда Қытайды 2:0 есебiмен ұтқан алаң иелерi Кувейт футболшыларын да оңдырмады: 3:0. Кеше кешкiсiн Иордания құрамасы Сириямен кездестi. Иорданиялықтар 2-турда Сауд Арабиясын 1:0 есебiмен ұтып, Азия кубогындағы кезектi сенсацияны тiркедi.
АЗИЯ КУБОГЫНЫҢ НӘТИЖЕЛЕРI:
А тобы
Өзбекстан – Кувейт – 2:1;
Катар – Қытай – 2:0;
Өзбекстан – Қытай – 2:2;
Катар – Кувейт – 3:0.
В тобы
Иордания – Сауд Арабиясы – 1:0;
Жапония – Сирия – 2:1;
С тобы
Австралия – Оңт.Корея – 1:1;
Үндiстан – Бахрейн – 2:5;
Д тобы
Иран – Солт.Корея – 1:0;
Ирак – Бiрiккен Араб Әмiрлiгi – 1:0.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*