ALADOP.KZ
Премьер-лига

Қазақстан Футбол Федерациясы атқарушы комитеті Регламентке біршама өзгерістер енгізді

«2011 жылғы футбол бойынша Қазақстан Республикасы Кубогы өткізілу жағдайына» байланысты: «2010 жылдың Кубогы финалистері бірінші бөлімге қатысудын босатылады. 2010 жылдың Кубогы финалистері 1/8 финал ойындарынан бастап өнер көрсете бастайды». Футбол бойынша Премьер Лига клубтары арасындағы ҚР 1-інші бөлімінің бекітілген Күнтізбесіне сәйкес, ҚР Кубогы алғашқы матчтары 13 сәуірге белгіленді. Бірінші Лига клубтары біріншілік матчтары барысында 3(үш) рет емес, 4(төрт) мәрте ойыншы ауыстыруға мүмкіндік алды. Бірінші лига клубы өтінішке 30(отыз) ойыншыға дейін кіргізе алады, бұрын тек 25(жиырма бес) ойыншыға дейін рұхсат етілетін. ФИФА талаптарына сәйкес, алғаш рет екі орган жұмыс істей бастады — даулы мәселелерді шешу жөніндегі Палата және этика жөніндегі Комитет.

Регламенттің басты жаңалықтары:

«Чемпионаттың алғашқы бөлімі тәмамдалған соң, клубтар жинаған ұпай саны бойынша әрқайсысы 6 командадан тұратын екі топқа бөлінеді. Топтар құрылып болған соң, әр команданың алғашқы этапта жинаған ұпайлары тең «екіге» бөлінеді. Егер команда тақ санды ұпай жинаған болса, екіге бөліп, үлкен бөлігі қабылданады.

Мысал. Бірінші бөлімнен соң команда 33 ұпай жинады. Тең бөлеміз («екіге»): 33/2= 16.5, үлкен санына дөңгелектейміз-де, 17 ұпайын шығарамыз. Сөйтіп, екінші бөлімді команда 17 ұпаймен жалғастырады.

Аталмыш жаңалық чемпионаттың екінші бөлімін қыздыра түсу үшін енгізілген. Бұл мотивациясын жоғалтып алған командаларға тағы бір мүмкіндік сыйлайды. Қорытындысында, осындай жаңалық жанкүйерлердің қызығушылығын турнир соңына дейін ұстап отырады.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*