ALADOP.KZ
Қазақстан

Измаил Бзаров: «Біздің семинарлардан үлкен жаттығу құндылықтарын алуға болады»

Қоғамдық байланыстар мен ҚФФ маркетингі бойынша департаметінің директоры Измаил Бзаровтың «Капитал» газетіне берген сұхбаты.

Өткен аптада Түрік Анталиясы белорусь командасына сенімді түрде қарсылық көрсеткен футбол бойынша Қазақстан ұлттық командасын қабылдады. Сонымен қатар, (УЕФА) еуропалық одақтағы футбол қауымдастықтарымен (ҚФФ) Қазақстан футбол федерациясы екі елдің футбол клубтарының пресс-атташесі үшін шығатын семинарлар өткізді.
Бұл жиын ерекше болып өтті. Семинарда 14 клубтың премьер-лигасының медиамамандары болды. Олар бірінші пікір алысу формасында, ойларында жүрген көкейкесті мәселелерін ортаға салды. Бұл семинарларды УЕФАның медиаофицерлері болып жүрген франциялық Хосе Карлин Перез және эстониялық Маргус Льюик жүргізді.

— Оқу бағдарламасындағы УЕФА мен ҚФФ-тің байланысы қаншалықты?

Қазақстандағы медиамамандардың деңгейлері калай? Өткізіліп жатқан семинарлардың клубтар мен жанкүйерлерге тигізетін пайдасы бар ма? Мінекей, тағы да басқа көптеген сауалдарға қоғамдық байланыстар мен ФФК маркетингі бойынша департаментінің директоры Измаил Бзаров жауап береді.

— Измаил Зелимханұлы, бұл Қазақстан Футбол Федерациясының Қазақстан футбол клубтарының БАҚ қызметкерлеріне арнайы өткізіліп отырған бірініші оқу шарасы емес екені анық?
— Ия, шыныменде. Ең қуантары біздің білім беретін ошақтарымыз осындай арнайы семинарларды жақсы ойдағыдай атқаруда. Өткен жылдың күзінде біз Астана қаласында «Футбол клубтарының қызметтеріндегі тиімді PRлерді ұйымдастырудағы пресс-қызметкерлерінің рөлі» тақырыбында семинар өткіздік. Ол семинар біздің ішкі қорлармен жүргізілді және біздің өзіндік теориямыз бен практикамызға құрылды. Кері байланыстарды алғанымыз өте қатты қуантады. Көптеген пресс-аттешелер аз уақыт өткеннен кейін біздің үлгі ретінде ұсынып отырған тетіктеріміздіің оларға да ұнағанын жасырмады. Осы арқылы әр түрлі іс-шаралар өткізуге болатынын айтты.

— Бүгінгі өткізіліп отырған семинар ФФК-ның бағыты ма, алде УЕФА-ның міндетті түрде өткізілетін іс-шарасы ма?
— Қазақстан футбол федерация қызметінің бағыттары аса көп. Көбі тек қана таудың басын ғана көргендей болады. Бұл ұлттық команданың ойыны немесе чемпионат елдердің ойыны. Біздің департаменттегі сертификация бөлімі, техникалық орталықтың қызметі — аз көрінгенімен, аса маңызды. Қазіргі таңдағы футбол әр түрлі облыстағы мамандардан үлкен және маңызды ықыласты талап етеді. Қазіргі болып жатқан семинар УЕФАмен бірігіп, өткізіп жатқан іс-шара. Бірлесіп жасаған оқу бағдарламалары футболды дамытуының әр түрлі бағыттарында жүзеге асады. Бұл — маркетинг және қаражаттар, заңға сүйенген сұрақтар және уәкiлдерi бар қатынас, спорттық медицина және т.б.

— Клубтағы пресс-қызметкерлерімен өзара мәселелер туындамады ма?
— Ондай жағдайлар кездесіп тұрады. Біз бар күшімізді салып, клуб менеджменттерінің біздің пресс-офицерлерімізге көңіл бөлгендерін қадағалаймыз. Өкінішке орай көптеген клуб директорлары БАҚ-пен, қоғамдық ортамен қалай жұмыс істеу керек екенін түсінбей жатады. Үнемдеуді пайдалана отырып, клуб директорлары өз пресс-атташелеріне әр түрлі міндеттер жүктейді. Біздің көптеген әріптестеріміз өз еңбектерін менеджержің, сайттар бойынша медераторларының, кадр мамандарының қызметін бірге атқарып жүреді. Бұған рұқсат етілмеу керек. 2011 жылы Федерацияның кейбір өзгерістері пресс-қызметкерлерінің регламентке тиісті қосымшалармен, әр түрлі жаңалықтар енгізді.

— Ол тек пресс-қызметкерлеріне қатысты ма?
— Мұнда басты тақырып ғаламтор сайттары жайлы. Оған деген нақты талаптар туралы. Біздің жанкүйерлер клубта болып жатқан барлық іс-әрекеттерден хабардар болып отыру керек. Ол үшін арнайы сайттар ашылуы керек. Мамандарды тек қана деректі, ақпараттар қызықтырады — жарыстардың хаттамасы, санақ және т.б. Қазіргі таңдағы веб-қорларымыз біздің ойымыздағы мақсаттық дәрістерімізді бере алады. Біз өткен жылда «Астана-Арена» стадионына wi-fi құрылғысын орнаттық. Онлайн арқылы тікелей ойындарды бақылауға, журналистердің сымсыз желі арқылы жұмыс жасауына болады. Сонымен қатар премьер-лиганың клубтарынан осындай жүйелердің «үй» ішіндеде болуын талап етеміз.

— Біздің клубтардағы пресс-атташелердің деңгейін қалай бағалайсыз?
— Әрқалай. Кейбір клубтар бар, артында әкімі тұрған. Олар футбол шаруашылығында не істеу керек екенін өте жақсы біледі. Олар веб-технологиясы арқылы жұмыс атқарады. Мәселен, Қостанайлық «Тобылда» өзіндік ерекшеліктер бар. Бұл клубтың сайттары барынша ықыласқа бөленіп отыр. Себебі, ол сайттар жан-жақпен байланыста. Астаналық «Локомотив» өз жұмысын кәсіби салада дамытуда. Көбінесе біздің әріптестеріміз жанкүйерлері бар жұмыстарға жауап береді. Бұл жерде «Ақтөбе» және қарағандылық «Шахтер» футбол клубтарын атап өткім келеді. Өзіңіз байқағаныңыздай мен біздің еліміздегі футбол көшбасшыларын атап өттім. Олардың ойын нәтижелері барлық клубтың қызметкерлерімен байланысты. Мұндай клубтарда жұмыс жасап жатқан мамандардың деңгейлері алдарына қойған мақсаттарды орындауға жеткілікті. Осы семинарда клубтерден шыққан баяндамашыларға олардың жұмыстары туралы УЕФА-ның лекторларының сенімді пікірлерін естігенде жақсы әсерде болдық. Бірақ кері мысалдар да бар. Қазақстан командаларының көптеген жанкүйерлері кәсіби емес клуб менеджменттерінің қызметтерінен зардап шегіп жатады. Біздің міндетіміз — көмек беру, білмеген тұстарын айтып жіберу, әдістеме беру. Бiз дайын шешiмдер, дайын тетiктердi беремiз.

— Сіздің жұмыстық нәтижеңіз және бағдарламаңыз УЕФА-дан қандай да болсын айырмашылығы бар ма?
— Болмашы бар. БАҚпен байланыстардың теориялық негiздерi бүкiл әлемде бiртұтас. УЕФА мамандары 50 жыл бұрын жіті дамыған еуропа футболдарынан бізде кейбір өзгерістердің бар екенін тамаша түсінеді. Сондықтан да бүгінгі әдістемелер атап айтқанда Шығыс Еуропада дамыған. Ең басты айырмашылық Еуропадағы директорлар бұрынғы Кеңес Одағы еліндегі PR құзырлығына кіретін қызметтердің кейбір бағыттарының артында әр түрлі бөлімдер немесе департаменттер тұрғанын білген.

— Көптеген журналистер клубтардың тез арада жабылып қалғанына немесе БАҚ-пен мәліметтерін бөліспей жатқандарына наразылық білдіріп жатады…
— Футбол клубтерінің ақылды жетекшілері болып жатқан жаңалықтарды жақсылап тұрып басқару керек екенің әлдеқашан түсінген. Ол үшiн арнайы клубтің арнайы, ақпараттық стратегиясы жасалады. Міне, оның іске асырылуына пресс-атташелері жауап береді. Мұндай стратегиялар клубтың биік-деңгейге көтерілуін, жаттықтырушылары мен ойыншыларды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Осы кезде ойыншыларды елге танытатын БАҚ. БАҚ-пен дұрыс қатынаста болғандар мақсаттық дәрісханалармен жанкүйерге толы стадионды жинап, футболға қуатты демеушілер табатыны анық. Бүгінгі таңда көптеген клубтар нақтылы жұмыстар өткізуде. Біздің семинарлардан үлкен жаттығу құндылықтарын алатыны қуантады. Бұл шара жалғасын таба береді деген үмітіміз зор. Ендігі семинар тамыз айында өткізіледі деген жоспар бар, ол «Біздің футболға мемлекеттік емес демеуші құралдарды тарту» деп аталмақ.

Қазақстан футбол қауымдастығының ресми сайтынан алынды.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*