ALADOP.KZ
Қазақстан

МАРСЕЛЬ — МАНЧЕСТЕР ЮНАЙТЕД — 0:0

Чемпиондар лигасының көмтемдік маусымын бастамаған командалардың ең соңғы жұптары саналған бұл командалар, әліптің артын бағып ойнады. Көпшілік күткендей-ақ бұл кездесу тең аяқталды. «МЮ» сапында орталық жартылайқорғаушылардың жарақаты қатты әсер етті. Сэр Алекс келесі кезеңге өту үшін «Олд Траффордта» жеңіске жетеміз деп нық сеніммен отыр.

ИНТЕР — БАВАРИЯ — 0:1 (0:0)
Гомес, 90 (0:1).

«Баварияның» алаңғы шығарған ойыншыларының ішінде танымал емес, жұлдыз емес 2-3 ойыншы ғана болды. Қалғанының барлығы кіл мықтылары. Роббен-Рибери жұбы «Интер» қорғаушыларын әбден састырды. Дегенмен де, олар голды ойынның соңында ғана салды. Матч бойы дым бітірмеген Гомес дайын асқа тік қасық келді.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*