ALADOP.KZ
Премьер-лига

«Ақтөбе» көшбасшылыққа ұмтылды

Еліміздің вице-чемпионы «Ақтөбе» — екі турдан бері жеңісті қолдан бермей келе жатқан дара команда. Орталық матч Павлодарда өтті. «Ертіс» пен «Ақтөбе» арасындағы ойынның ерекшелігі, бұл командалар өткен маусымда да кездескен болатын. 

Мысалаға, Мұрат Тілешов өзінің бұрынғы клубына несімен қызық емес? Басып айтар болсақ, бұл шабуылшы қазір ойнап жүрген командасымен өзінің бұрынғы командасына гол соққанды ұнатады, оны өзі де жасырар емес. Павлодардағы кездесу «Ақтөбенің» капитаны Самат Смақов үшін Премьер-Лигадағы 300-кездесуі болды. Смақовтың әріптестері мерей тойына сыйлық жасау үшін қолдарынан келгенше жағдай жасап беруге тырысып бақты. Қарсыластары екі рет жауап добын қайтарғанына қарамастан, «Ақтөбе» сонда да жеңісті қанжығасына байлап қайтты. Марат Хайруллиннің дубльінен өзге Сергей Лисенков тағы бір голдың авторы атанды. Дәл осы футболистер чемпионаттың бомбардирлері тізімін құрды. «Локомотив», өткен турда «Тобылдан» басым түскен «Ордабасыны» жеңді. Жарақаттан енді ғана жазылып, қатарға қосылған Танат Нүсербаевтың жалғыз голы жеңіске жеткізді. Олардың соңынан «Астана-Аренадағы» газонға «Шахтер» мен «Атырау» шықты. Мамандардың болжамына қарамастан, жеңісті Рамиз Мамедовтың шәкірттері атап өтті. Андрей Травин мен аргентиналық легионер Леон Александр Мокиннің қақпасына гол соқты. «Тобыл» өз алаңдарында өтіп жатқан ойынға жанкүйерлерінің қабағына кірбің түсіріп алмас үшін барын сала ойнады. Елдiң жүлдегерi «Таразды» жеңді. Бастапқыда жартылай қорғаушы Cергей Костюк пенальтиін айқын түрде жүзеге асырды. Оның соңынан құраманың қорғаушысы Александр Кислицын бұрыштан соғылған допты баспен қақпаға бағыттай алды. Ал үшінші допты қонақтар абайсызда өз қақпаларына соғып алды. Вячеслав Соболев допты қайтарамын деп өз қақпасына кіргізіп алды. Екі жас командалар арасында Прмьер-Лиганың жеңімпаздары анықталмады. «Восток» бірінші болып есепті ашып, сібірлік қорғаушы Маджанин көзге түсті. Бірақ алаң иелері екінші таймда қонақтардың қақпасына жаппай шабуыл жасап, нәтижесі жемісті болды: шабуылшы Александар Максим алсы қашықтықтан доп соғып, Кирилл Прядкиннің қақпасынң «тоғыздығына» тиді. Қаншама жеңістердің аты шулы авторы «Жетісу» өз алаңдарында «Қайраттан» жеңіліс тапты. Кездесудің тағдырын 17-ші минутта соққан Владимир Байрамовтың жалғыз-ақ голы шешті. Жалпы екінші турды бұл оқиғадағы дәрежелі ойын деп батыл айтуға болады. Соғылған 14 доптың тең жартысы қонақтардың еншісінде. Төрешілер мынадай футболистерге екі рет қызыл карточканы көрсетті: «Тараздың» құрамынан голкипер Мурат Мұқашев ойыннан шығарылса, ал «Локомотивтің» құрамынан хавбек Улан Қонысбаев ойыннан қуылды. Бұл Қазақстан құрамасында ойнап жүрген жас ойыншының корьерасындағы бірінші рет болған жағдай. «Тараз» екінші турда да қайталап өз қақпаларына соғуда. Егер өз алаңдарында «Ертіспен» өткен ойында абайсыздан өз қақпасына Дамир Мемишевич соғып алса, бұл жолғы кезек Вячеслав Соболевке бұйырған сыяқты. Жалпы ойында жалғыз айып доп қостанайдағы ойында белгіленді. Тағы да «Тараздың» қақпасына. Бұл ойынның 8-ші минутында болатын. Сергей Костюк қонақтардың кипері Мурат Мұқашевтің үмітін үзді. Жаңалықтар «Ақтөбе» көшбасшылыққа ұмтылды Клубтар компрамисс таба алады ма? Премьер-лиганың 3 турдағы матчына төрешілерді тағайындау «Локомотив» Кировсыз қалды Петухов – «Ордабасымен» өткен матчта «Тобылдың» ең үздік ойыншысы

кфф

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*