ALADOP.KZ
Қазақстан

Журналистер доп тебеді

«SAT&CO» корпорациясы 26-27 наурыз аралығында Алматыдағы республикалық спорт колледжінің (Тимирязев-Байзақов) алаңында шағын футболдан БАҚ өкілдері арасында турнир ұйымдастырады.
Осындай жарыстың өтуіне екі жағдай себепкер болып отыр. Біріншісі, Алматыда Азия бокс конфедерациясының бас ассамблеясы өтеді. Екіншісі, республикалық спорт колледжге тиесілі аумағында орналасқан заман талабына сай жаңа футбол алаңының тұсаукесер рәсімі өтеді. Сол себепті «SAT&CO» корпорациясының басшылары БАҚ өкілдерінің басын қосып, дүбірлі доп додасын ұйымдастыруды көздеп отыр. Жеңімпаз және жүлдегер атанған командалар және жекелеген номинация бойынша үздік деп танылған ойыншыларға арнайы бағалы сыйлықтар табыс етіледі.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*