ALADOP.KZ
Премьер-лига

8-турдың қорытындысы: 5 голды легионер соқты

6 ойында кірген 15 голдың 5 голын легионерлер ұрған.

8 турда 3-ақ гол жіберген «Жетісу» командасының қорғанысы әзірге сыр бермей тұр.

Ең көп гол соққан «Локомотив» пен «Ертіс» командалары. 14 доп соққан.

Ең көп тең түскен команда «Воток» — 3 ойын. Ал енді мүлде тең түспеген команда ол «Тараз».

Ең көп ұтылған «Тараз» командасы. Олар 6 ойында жеңілген.

8-турдың үздік қақпашысы — Александр Мокин. «Шахтер» қақпасын сырт алаңда қорғаған Мокин «Ақтөбенің» шабуылдарына тойтарыс бере білді. Соның арқасында кеншілер сырт алаңда маңызды жеңіске қол жеткізді.

Ең үздік қорғаушы — Леон. «Атырау»

«Атыраудың» қорғаушысы Леон сырт алаңдағы ойында өте белсенді көрінді. Сауатты ойынымен қорғаныстың тетігін ұстаған ол қостанайлық клубтың толқын-толқын шабуылын бірінен соң бірін қайтара білді.  Толық аты Джавиер Леон Игнасио. Аргентиналық легионердің Қазақстандағы алғашқы жаңашылдығы байқалуда.

Ең үздік жартылай қорғаушы — Драган Боговац. «Локомотив»

Черногриялық легионердің осы турда мықты көзге түскен кезі болды. Өткен кездесулерде де астаналық клубты алға сүйреген ол 8-турда да жақсы ойын өрнегімен танылды. Алғашқы голдардың кіруіне барынша атсалысқан ол алаңдағы қимылымен-ақ әріптестеріне жақсы мүмкіндіктер жасады. 8-турдың үздік ойыншысы деп дәл осы ойыншыны таныдық.

Ең үздік шабуылшы — Георги Даскалов. «Ертіс»

Біріншілік басынан бері 3-ақ гол жіберген «Жетісуға» гол соғу екінің бірінің қолынан келе бермейтін шаруа болып тұр әзірге. Әуедегі доптың көбіне иелік етуге тырысатын болгариялық легионер осы кездесуде де жақсы қырынан көрінді. 80-минутта есепті ашып командасын алға сүйрегенімен, қарсыластар ойын біткенше жағдайды түзеп кетті. Әйтпегенде Даскалов жеңіс добының авторы атанғалы тұр еді.

Ермұхамед МӘУЛЕН

«Футбол.кз»

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*