ALADOP.KZ
Қазақстан

ЛУИШ ФИГУ: Дәл қазір «Барселона» «Реалдан» мықты

«Барселона» мен «Реалдың» бұрынғы ойыншысы Луиш Фигу ЧЛ жартылай финалының алдында қос команданың әл ауқатын бағамдап, өз болжамын жасады.

«Реал» мен «Барселона» арасында жылдар бойы жалғасып келе жатқан бәсекелестік әр кездесу сайын жаңа серпіліс алады. Қос команда алаңға шыққан сайын тұңғыш кездесіп жатқандай ойнайтыны талай жанкүйерді қызықырады. Әнеугүні өткен Испания кубогының финалын ұмытыңыздар. Енді екі алып арасында мүлде басқа ойын өрбиді».

«Жалпы, қазір «Барселона» мықты. Бұл команда да ойын бар. Бірақ «Реалдың» ойыны әлсіз деген сөз емес. Әр жыл сайын бір команданың футболы өрге домалайды Міне, сол сәттілік қазір «Реалда» деп өз болжамын жасады Фигу.

«Жозе Моуриньо қайталанбас тұлға. Ол командалық ойын құра біледі. Демек, жеңіске жетер жолды ол біледі. Бірақ меніңше, осы жолы қалайда «Барселона» оза шабатын сияқты» деп тағы қадап айтты португалдық бұрынғы футболшы, қазіргі футбол маманы.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*