ALADOP.KZ
Ала доп аңыздары Үздіктер Әлем футболы

Лионель Андрес Месси кәрі құрлықтың үздігі деп танылды

Аргентиналық ала допшы және «Барселона» командасының шабуылшысы, 2010-жылғы дүниежүзінің  ең үздік футболшысы атағын қанжығасына байлаған Лионель Андрес Месси жетістіктер қатарын тағы көбейтті. Ол Монако төрінде әріптесі, орталық алаңның қожайыны, допқа иелік етуде аса ұқыпты, жоғары техникалы әрі еңбекқор, үнемі «Барселонаның» негізгі құрамынан орын алатын, тіпті «Барса» үшін өткізген ойындар саны бойынша Каталонияның аңызға айналған ойыншысы «Пеп» Гвардиоланың көрсеткішімен теңескен Хави мен Famecount компаниясы Facebook, Twitter әлеуметтік сайттары мен YouTube порталын негізге ала отырып , жүргізген тексеру нәтижесінде әлемдегі ең танымал ойыншы Криштиану Роналдуді артқа тыстап,  кәрі құрлықтың үздігі деп танылды.

Дегенмен Месси 2011-жылдың 10-шы қаңтарында ФИФАның «Алтын Доп» жүлдесін, сонымен қатар Әлемнің ең үздік ойыншысы атағын иеленді.

2011-жылғы Чемпиондар Лигасында Лео 12 гол соғып Рууд Ван Нистелройдың рекордын қайталады. Сондай-ақ 3 жыл қатарынан Чемпиондар Лигасының сұрмергені атағына ие болды. Және жақында ғана каталондықтардың Испания кубогін иеленулеріне  үлкен сепігін тигізді. Ал, әлемге әйгілі Марадонаның сол аяғын ғана емес, Кройфтің жылдамдығын және Роналдиньоның пас беру шеберлігін сіңірген жас футболшыға кім бұл атақ лайық емес деп айта алады. Тіпті Лео жайлы «Мессиді тоқтату мүмкін емес», депті Франция құрамасының футболшысы Тьерри Анри. Ал «Барселона» командасының физиотерапевті Хуанхо Брау: “Лионель – футболдың мәні, маңызы” десе, камерундық Самуэль Это`о “Криштиану өте жақсы футболшы, бірақ меніңше, Лео Месси одан асып түседі. Ол бүгінгі Марадона”, – деп бағалайды әріптесін. Хосе Луис Моралес: “Месси кез келген уақытта ойынның барысын өзгертіп, қолына ала алатын керемет ойыншы», – деп таңданса, әйгілі жерлесі Марадона: “Еуропаны жаулау екі аргентиналықтың – мен және Мессидің қолынан келді», – дейді. “Аргентиналықтар үшін ең мықты ойыншы Марадона болып есептелетін болса, ендеше Месси сол деңгейге жетті” деген екен Габриэль Милито.

Дауыс беру қорытындысы:

1 Лионель Месси (ARG) — «Барселона» (38 дауыс)
2 Хави Эрнандес (ESP) — «Барселона» (11  дауыс)
3 Криштиану Роналду (POR) — «Реал» (3  дауыс)
4 Андрес Иниеста (ESP) — «Барселона» (33 дауыс)
5 Фалькао (COL) — «Порту»* (17)
6 Уэйн Руни (ENG) — «Манчестер Юнайтед» (15)
7 Неманья Видич (SRB) — «Манчестер Юнайтед» (5)
8 Златан Ибрагимович (SWE) — «Милан» (4)
Жерар Пике (ESP) — «Барселона» (4)
10 Мануэль Нойер (GER) — «Шальке-04″** (3)
*  «Атлетико» сапында
**»Бавария» сапында

Дауыс беру қорытындысы және сурет  uefa.com- сайтынан алынды.


9 комментариев

Barca 26-Август, 2011 at 3:04

messi madis

Жауап
hosep 26-Август, 2011 at 3:06

Men messiden jaksi oinaim. ol tek klubindaggi khavi men iniestani nin arkasinda jaksi oinaid.al sbornoida oinai lamaid. al men realda da potugaliada da jaksi oinaim ogan magan jetu kaida

Жауап
Ronaldu 26-Август, 2011 at 3:24

messi alemnin uzdik oinwiwsi tek europanin emes. al ronaldu kim?

Жауап
sultan 26-Август, 2011 at 4:01

ermuxamede aldinda sen osi altin dop teb negldep jursn aaa??? blmeisn ba?? aitpawiw

Жауап
sultan 26-Август, 2011 at 4:08

Үстіміздегі жылдан бастап УЕФА Кәрі құрлықтың үздік ойыншысына жаңа «алтын доп» беретін болды. Мұндай шешімге УЕФА-ның басшысы Мишель Платини мен Еуропа Футбол Ассоциауиясы (European Sports Magazines (ESM)) біріге отырып келді.
жаңа сыйлықтың иегері болып ұлтына, нәсілініне қарамастан УЕФА-ның құрамында бар барлық клубтардың ойыншылары ие бола алады. Ал, ойыншылар 2010-2011 жылғы маусымда өнер көрсеткендігі бойынша бағаланады.
Төршілер құрамы Еуропаның ең үздік деген 53 тілшісімен бекітіледі. әр журналист өзінің қалауы бойынша 3 үздік ойыншыны таңдап, оның ең үздігі 5 ұпай, екіншісі 3 ұпай, тиісінше үшінші ойыншы 1 үпай алады. Ең жоғарғы ұпай жинаған үш ойыншы ақтық мәреге яғни, финалдық дауыс беру кезеңіне өтеді.
Алтын допка үміткер үш ойыншының есімі шілде айының 25-жұлдызында белгілі болады. Ал, жеңімпаз 25 тамыз күні Монакадағы Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне жеребе тарту барысында анықталады. мал осы далел

Жауап
sultan 26-Август, 2011 at 4:09

maaa altn dop beripti gooo kaidagi altn dop aa

Жауап
sultan 26-Август, 2011 at 4:10

men sogan senip jursem

Жауап
KABLAN 13-Ноябрь, 2011 at 10:18

MESSI krasavchik

Жауап
Ainur 13-Февраль, 2012 at 3:12

Жеке өз басым Лео Мессидің ойнына тәнтімін. Жарайсың Месси!

Жауап

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*