ALADOP.KZ
Ала доп аңыздары

Мадрид марқасқасы Рау́ль Гонса́лес

Алфредо Ди Стефаноодан-Раульге дейін Испан  футболында аты аңыздар жеткілікті бірақ алдыңғысымен соңғысының арасында не байланыс бар? Ойыны ерек тұлғалардың осылайша уақыт өте қосарлана айтуы футбол деген сиқырдың айнымастай қайталанып, ұрпақ үндестігіне жалғасуы десек артық емес. Ғасыр бедерінде ғаламат өнерімен көпшілікті өзіне баураған испаниялық Рауль жайлы айтар болсақ әңгіме көп.

Ермұхамед Мәулен.


Футбол тарихында ұзақ жылдар бойы бір команданың намысын қорғап,жақсы мен жаманын,қиыны мен қызығын қатар көрген, жанкүйерлер есінде мәңгі қалған атақты футболшылар жеткілікті.Сондай есімі бір ғана командамен байланысты ардагерлердің бірі  – мәңгілік 7-ші нөмірі Рауль.

Рауль Гонсалес Бланко  –  Мадрид  маңайындағы  Маркони да Сан Кристобаль де лос Анхелес  аймағында өскен. Әкесі дон Педро мадридтік «Атлетиконың»  жанкүйері болған.Рауль бастапқыда әкесінің сүйікті клубында ойнайды, бірақ, 65 гол соққан 15 жасар талантты клуб президенті  Хесус Хиль командада қалдырғысы келмеді.Болашағынан мол үміт күттіретін дарынмен «Реал» тез арада алты жылдық келісімшартқа отырады.Клубтың сол кездегі бапкері Хорхе Вальдано Раульді «Сарагосаға» қарсы жасыл алаңға шығарады.Осылай,1994 жылы 17 жасында  Испан Примерасындағы алғашқы қадамын жасайды.

Кейіннен «Атлетико» басшысының қалай өкінгенін елестету қиын емес.Себебі, әлемдік дәрежедегі болашақ жұлдызды өз қолынан мәңгі қарсыласы «Реалға» жіберіп алып,артынан қарап отыру оңай емес. Галактикостың құрамында жастығын және жарқын кезеңдерін өткізген Раулито клуб тарихындағы ең көп гол соққан шабуылшы.Бұл көрсеткіш жағынан «Реалдың» сапында 1953-1964 жылдары өнер көрсеткен Альфредо Ди Стефанодан да озады.Әлемнің ең атақты командасымен «ақ арлан» Испанияның алты  дүркін чемпионы (1995, 1997, 2001, 2003, 2007, 2008),Чемпиондар Лигасының (1998, 2000, 2002) үш мәрте жеңімпазы атанады.

Сондай-ақ,  Испания Суперкубогін төрт (1997, 2001, 2003, 2008),Еуропа Суперкубогін (2002) бір рет ұтып алады. Таңданыс тудырса да,Зидан,Фиго,Бекхэм,Роналдо сияқты жұлдыздар шоғырымен осыншама Кубокті иеленгенімен,Испанияда Раульдің қолы жетпеген Кубок бар. Ол – Испан Кубогі.

Мадридтік «Реалдың» есігінен кіре салып төріне шыққан Рауль ұлттық құрамадан да ойып тұрып орын алды. «Қызыл фурия» құрамындағы алғашқы ойынын Эль Капитан 1996 жылдың 9-шы қазанында Прагада Чехияға қарсы өткізді.1999 жылы Испания  Әлем чемпионатына үш,Еуропа чемпионатына екі рет қатысқан Рауль Гонсалес бес мәрте (1997, 1999, 2000, 2001, 2002) Испанияның үздік футболшысы атағына ие болады.Сондай-ақ , бір өзінің даңқы мен дәрежесі, атағы мен абыройы, жеткен жетістіктері жеке адам былай тұрсын, бүтін бір клубтың жетістіктерінен кем емес:

  • ФИФА нұсқасы бойынша 2001 жылы Фиго мен Бекхэмнен кейінгі әлемнің үшінші футболшысы;
  • Атақты француз журналы «Франс -Футболдың» нұсқасы бойынша 2001 жылы  «Күміс доптың» иегері («Алтын доп» алған Майкл Оуэннен кейін);
  • «Реалдың» ең үздік шабуылшысы;
  • 1999,2001 жылдары  «Қола бутсы» иегері (Еуропаның ұлттық чемпионатта ең көп гол соққан ойыншыларға беріледі);
  • УЕФА нұсқасы бойынша 1999/00, 2000/01, 2002/03 жылдардағы еуропалық маусымның ең үздік шабуылшысы ;
  • 2000 жылғы Еуропа Чемпионатының символикалық құрамында;
  • 1999 жылы Әлемнің ең үздік шабуылшысы (ұлттық және клубтық деңгейдегі халықаралық кездесулерде көп гол соққандарға беріледі)
  • 1999,2001 жылдары Испания Чемпионатының бас мергені;
  • 2000,2002 жылдары Чемпиондар Лигасының бас мергені;
  • Альфредо Ди Стефано атындағы сыйлықтың иегері;

«Қызыл фурияны» он жыл бойы жасыл алаңға бастап шыққанЭль Капитан ұлттық құрамадағы соңғы ойынында Солтүстік  Ирландияға қарсы алаңға шығыпты (2006 жылдың 6-шы қыркүйегінде).

Он алты жыл бойы «Реал» атты механизмнің ажырамас бөлігіндей болып, астаналық клубтың айнасына айналған «Мадридтің періштесі» клуб сапындағы соңы ойынын «Сарагосаға» қарсы «Ла-Ромареда» алаңында өткізді.Дәл осы алаңда «мадридтің мәңгі жетілігі» үлкен  футболдағы  ұлы жолын бастаған болатын 1994 жылы.Бланкос құрамындағы соңғы ойынында Рауль аяғындағы жарақатқа қарамастан, қоштасу голын да соғып кетті. Ал командамен қоштасатын сәт келгенде, «Сантьяго Бернабеуге» жиналған мадридтік жанкүйерлер сүйікті ойыншыларына тік тұрып құрмет көрсетті.Өмірінің жарқын кезеңін өткізген командалық достарымен, үнемі қолдау көрсетіп отырған адал жанкүйерлерімен, әр бұрышын жатқа білетін жасыл алаңымен айырылысар кезде он алты жыл бойы сыр алдырмаған Эль Капитан да еріксіз сыр берді…

Нұршапағат НЕСІПБАЕВ

1 пікір

Saken 24-Август, 2011 at 9:42

Raul soz jok ote talantti oiynwi. Realdin sapinda oinaganda Realdi Raul.ge bola siylaitin edim. Kazir onwen simulianttar, tarbiesizder jinalgan Realga. Rauldin jasi kelsede Shalke.de ajepteuir oinap jur. Byltyrgy liga championovtagi oiyndarina rizamin! Master!!!

Жауап

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*