ALADOP.KZ
Ұлттық құрама

Әзірбайжаннан ұтылсақ та, еңсеміз жоғары

Бізден 15-жыл бұрын УЕФАға кірген командаға қарсы ойнап,жеңілгенімізбен еңсеміз жоғары болуы тиіс. Себебі, ұлттық құрамамыздың кешегі ойында көрсеткен өнері бұрынғыға қарағанда анағұрлым жақсырақ. Қазақ футболының деңгейі өскенін осы сайт арқылы дәлелдеп те, жазып та жүрміз. Біздің футбол көрінгеннің аяғында тапталып жатқан жоқ. Андорра мен Сан-Маринодан шоқтығымыз әлдеқайда биік. Біз осы күндері Түркиямен тең ойнап, Әзірбайжаннан әзер дегенде ұтылып ұқалып жүрміз. Ішкі біріншілігіміз өскенін айтып жүргенімен, құрама командамыздың жағдайы жақсанрмай келген-тін. Енді міне, соңғы екі ойында құрамамыздың ойынының көзге көрікті, құлаққа жағымды бола бастағанын байқадық.

Беранек бапкер келгелі бері қорғанысқа қан жүгіріп, шабуылға шырай біте бастады. Алғашқы түріктермен болған ойынның соңғы минуты нағыз трагедиямен пара-пар болғанымен жанкүйерлерге футболдың дәмін сездірді. Футбол бұл үнемі қозғалыста болатын процесс. Сондықтан да алдағы уақыттарда біздің алға қарай жылжитынымыз анық. Мокинді ді кіналаудың керегі жоқ. Бірақ, бізге мықты бір қақпашы керегі рас. Новиков, Лория деңгейіндегі қақпашы біздің ұжым үшін жарты команда болары белгілі.

4 комментария

Ерлан 8-Сентябрь, 2011 at 12:48

Расында да солай, Туркия газеттері не жазсада бәрібір, біздің ұлттық құрама жақсы ойнағаны анық.

Жауап
Галымжангой 8-Сентябрь, 2011 at 2:36

Жигиттер жарайсындар! Биз сендермен биргемиз! Беранек бапкер барекелди!

Жауап
Serjan 8-Сентябрь, 2011 at 3:35

Wininda da azirbaijandarmen jaksi oinadik, birak Mokin kaitadan kandi iwti goi. Beranek turiktermen oinaganda Mokinnin jaman oinaganin kore tura, kelesi oinda ne uwin kaitadan oni oinatti? Kalgan oinwilarga aitatin minim jok. Bari jaksi oinadi.

Жауап
Нур 9-Сентябрь, 2011 at 7:54

Андорра мен Сан-Маринадан шоқтығымыз биік? Қашан қоямыз осы қырғыздар мен өзбектен жақсымыз ғой дегенді. Қазақстан футболы Ресей жүйесі сияқты ойнайды ғой. Ал, Ендеше неге Орыстардан төменбіз? Сосын, біз түріктермен тең ойнаған жоқпыз, жақсы ойнасақ та жеңілістің аты жеңіліс. Біз Қазақстан өзіміздің жүйемізбен ойнауымыз керек. Керек десеңдер ол жүйені айтып та берем: bolattegy@mail.ru

Жауап

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*