ALADOP.KZ
Қалжыңқақпа Ұлттық құрама

Ұлттық құрама ұтысы

Соңғы жылдары жеңілуден көз ашпаған, сағындырып барып анда-санда жеңіске жететін ұлттық құрамамыз жайлы бір үзім өлең жолдарын назарларыңызға ұсынып отырмыз. Өлеңді оқи отырып баға беріп, төменге пікір қалдырыңыздар.

2014 жыл екен,

Өлмеппін әлі тірі екем,

Беранектің жасағы,

Маракана төрінде,

Біріншілікке қатысып,

Өнер көрсетіп жүр екен.

Ел футболы дамыпты,

Беранектей бапкерің,

Құраманың сапына,

Кіл қазақты алыпты.

11 қазақ жиылып,

Ешкімге дес бермепті,

Анау-мынауға қарамай,

Қылышын келіп сермепті.

Бұрынғы орыстар қалмапты,

Бұдан кейін қазақтар,

Тобындағы елдерді,

Бірінен соң бірін кеп,

Таза есеппен жалмапты.

Италияңды ит қылып,

7-0 ұтыпты,

Жапондарды жапырып,

Шайнамай-ақ жұтыпты.

Ақш-ыңды ақырын

Қосалқы құраммен тұтыпты.

***

Осылайша жігіттер,

Мықтыларды езіпті,

Қазақпен бір топқа түскендер,

Шыдамастан «сразу» елдеріне безіпті.

Топтық кезең біткесін,

Құрамасына алаштың,

Голландықтар кезікті,

Қарсылас шыдатпас қазақты,

Олардағы көре сап,

Ұтыларын сезіпті.

Күмәндары олардың,

Айналыпты шындыққа.

90 минут бойынша,

Шабуылдай алмапты,

Голландықтар біз жаққа.

Ал, өзіміздің команда,

Қақпасына олардың,

Он шақты доп салыпты,

Ел тыныш, жұрт аманда.

***

Осыдан соң қазағым,

Немістермен шығыпты,

Осы аталған матчта,

Мәшинесіне  немістің,

Шабуылдармен төпетіп,

5-6 гол соғыпты,

Бұған олар шыдай алмай,

Қара тер боп зорықты.

Немістерді ұтқан соң,

Құрамамыз бұл жолы,

Испандармен жолықты,

Хавилердің құрамасы,

Ойнамастан бұрын кеп,

Бізден қатты қорықты.

Әрі-бері ойланып,

9-бірдей ойыншысын,

«Защитаға» қойыпты,

Қазағың бұған қарамай,

Голдарды заулатып,

Испандық ойыншыларды,

Қойша бауыздап, сойыпты.

Ақтық ойынға шейін,қазақтар

Голға әбден тойыпты.

***

Құрамамыз осылай финалға,

Жолдама алыпты.

Бразилиямен өтер ойынға,

Барша қазақ барыпты.

Алаң иелері кубокті,

Аламыз деп айқай салыпты,

Төрешілерде ойбай-ай,

Аяқтан шалып бағыпты.

Дей тұрғанмен алайда,

Қазақтарды ұта алмай,

Екінші орын да қалыпты.

Марапаттау кезінде,

Әлемнің алтын кубогін,

Беранек пен Президент,

Бірге барып алыпты.

***

Ал, оянсам түсім екен,

Міне мұның бәрі де,

Баяндауды тоқтатайын,

Бармай-ақ еу әріге.

***

Ризуан Азамат

12 комментариев

Айдын Ағын 9-Октябрь, 2011 at 4:58

Азамат бұл барша қазақтың арманы саған Алла разы болсын

Жауап
Khuanysh 9-Октябрь, 2011 at 5:59

Жарайсын iнiм,елiн разы болсын саган!

Жауап
курмаш 9-Октябрь, 2011 at 8:03

тамаша

Жауап
Muslim_makat atyrau obl. 9-Октябрь, 2011 at 9:09

Masha allah),maz bolip kulip okidym,jaraisn osi aitkanin windikka ainalsin inshallah.

Жауап
Chelsea boy 10-Октябрь, 2011 at 1:28

Bauirim Allah Razy Bolsin!

Жауап
Дүрәлі 10-Октябрь, 2011 at 6:42

Беранектің бір мықтылығы — қазаққа салмақ салуы. Қай бапкердің тұсында құрамада қазақ көп болды? Тланттарды әкеп жатыр. Шүкір деу керек. Осыдан жаңылмасақ, табыс келеді.

Жауап
манас 11-Октябрь, 2011 at 11:43

түсіңде емес, өңінде орындалсын!әлі де мүмкіндігіміз бар!Үмітсіз тек — Шайтан!

Жауап
Даулет Алiм 11-Октябрь, 2011 at 2:28

Жарайсындар Аладоп.кз сайты осы беттерiннен кайтпандар тек такырыптарын коп турып калады жанартып отырсандар уакытылы

Жауап
дидар футболист 13-Декабрь, 2011 at 6:23

базар жок бул жагдай 2014 жылы болып калуы мумкин,АЛЛА осы кунге жеткизсин

Жауап
Наурызбай Төребаев Маңғыстау Шебір ауылынан (РЕАЛ МАДРИД) 9-Январь, 2012 at 10:14

Өлеңің жақсы екен бауырым айтқаның келсін АЗАМАТ

Жауап
Фанат Бавария 12-Январь, 2012 at 5:46

керемет айтылған өлең осындай болса жақсығойй Қазақстан алғаааааааааааааааааааааа!!!!!!!!!!!!!!!!!!!

Жауап
Ануар 7-Май, 2012 at 11:41

Ағасы өте жақсы шығарыпсыз. Құдай қаласа бұған да жетермиз!!!

Жауап

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*