ALADOP.KZ
Қазақстан Әлем футболы

«МЮ» 5 жасар баламен келісім шартқа отырды

«Манчестер Юнайтед» командасы 5 жасар баламен келісім-шартқа қол қойды. Кішкентай Чарли Джексонның талантын «МЮ» скауттары бірден байқапты. Тіпті, ол үш жас кезінде доп теуіп жүрген кезден-ақ мамандар көзіне бірден шалыныпты. Манчестер қаласының солтүстігіндегі Дентон ауданында доп теуіп жүрген баламен келісім-шартқа отыру үшін «Манчестер» командасының қызметкерлері екі жыл уақыт күтіпті. Енді, Чарли Джексон 5-ке толғаннан кейін «Манчестер Юнайтед» футбол академиясымен 4 жылға келісімге келіп отыр.

— Оның пір тұтатын ойыншылары Болотелли мен  Джо Харт. Бұл екеуі де «Манчестер Сити» командасының ойыншысы. Енді балам қазір «Юнайтед» академиясында жаттығып, «қызылдарға» бой үйретіп келеді.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*