ALADOP.KZ
Әлем футболы

Португалия, Хорватия, Чехия және Ирландия ЕУРО-2012 барады

Футболдан електік ойындар аяқталды. Бірінші кездесуде тас талқан болып ұтылған түріктер бұл жолы хорваттармен 0-0 есебімен тең түсті. Чехия сырт алаңда 0-1 есебімен Черногорияны тізе бүктірді. Қос ойын нәтижесі бойынша 3-0. Эстония Дублинде Ирландиямен айқасып 1-1 мен үйіне қайтты.

Бірінші кездесу 0-4 есебімен Ирландияның пайдасына шешілген. Ең қызыққа толы тартыс Португалияда болды. Босния және Герцоговина бұл жолы португалдықтарды ұрып соқпақшы болған. Өз алаңында тең тарқасқан босниялықтар соңғы демі қалғанша айқасты. Артынша 6-2 есебімен опық жеді. Футболшылардың жүйкелері сыр берді.

Польша
Украина
Испания
Англия
Германия
Грекия
Дания
Ирландия
Италия
Нидерланды
Португалия
Ресей
Франция
Хорватия
Чехия
Швеция

Аламан.кз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*