ALADOP.KZ
Болжам бұрыш

«Валенсия» жеңіске жете ала ма?

"Валенсия" жеңіске жете ала ма?26.11.2011. Испания. Примера дивизион. Райо Вальекано — Валенсия

Испания біріншілігінде Валенсияны сырт алаңда Мадридтік Райо Вальеканоға қарсы қиын ойын күтіп тұр. Қиын ойын деп айтуымыздың 2 себебі бар: біріншіден — «жарғанаттардың» қарсыластары осалды командалар қатарына жатпайды, екіншіден – валенсиялықтар осы аптада өздерінің екінші ойындарын өткізбек. Осы сәрсенбі күні УЕФА Чемпиондар Лигасы аясында Валенсия Бельгиялық Генк командасын 7:0 есебімен ойсырта жеңіп, өзінің плей-офф қа өту мүмкіндігін арттырды. «Қызғылт сарыларға» осындай нәтижені Примерада қайталау артық болмайтын еді.. Себебі, бәрін өз нәтижесімен таң қалдырып жүрген қарапайым Леванте чемпионат басталғалы бері Валенсияның ізіне түсіп келеді – 24 және 23 ұпай.

20/11/11 Осасуна — Райо Вальекано 0:0 (0:0)
06/11/11 Райо Вальекано — Реал Сосьедад 4:0 (1:0)
29/10/11 Вильярреал — Райо Вальекано 2:0 (1:0)
26/10/11 Райо Вальекано — Малага 2:0 (1:0)
23/10/11 Бетис — Райо Вальекано 0:2 (0:0)

Статистикаға көз жүгіртсек Райо Вальекано соңғы 5 ойында бар болғаны бір ойында голдар жіберіп қойған. Дегенмен, осындай нәтижеге Валенсияға қарсы матчта қол жеткізу үшін Райо Вальекано аянбай тер төгуі тиіс. Валенсия ойыншылары қазіргі таңда жоғарғы деңгейлі ойын өрнегін көрсетіп жүр. Мысалға: Коста, Ернандес және Жонастар команда көшбасшыларына айналса, 13 ойында 8 гол соққан Сольдадо Примераның өздік шабуылшыларының біріне айналды. Сондықтан, не Райо Вальекано болсын, не Барселона болсын, кез-келген команданың қорғаушылары абай болуы керек. Тағы да айта кететін жайт, Райо Вальекано Примерада өзінен деңгейі жоғары төрт командаға есесін жіберіп қойды.

Букмекерлер мынандай жақсы ұсыныс жасап отқан кезде «Ф2(0) – 1.63» тездетіп берілген мүмкіншілікті пайдаланып алу керек. Қос команда құрамында кадрлық мәселелер жоқ, сол себепті матч нәтижелі болады жеп күтілуде.

23/02/2003 Райо Вальекано — Валенсия 0:4 (0:3)
29/09/2002 Валенсия — Райо Вальекано 3:0 (2:0)
17/03/2002 Райо Вальекано — Валенсия 2:1 (1:1)
04/11/2001 Валенсия — Райо Вальекано 2:1 (1:1)
07/04/2001 Райо Вальекано — Валенсия 1:4 (0:1)

Сөзіміз бен статистикамызға дәлел ретінде мына бәсті сіздерге ұсынамыз «Тотал 2 көп – 1.7» коэффициентімен.

Испания Ла Лигасының кезекті 14-ші айналымынан, біздің ойымызша сіздерге жеңіс алып келетін бірнеше ставкалар ұсынамыз. Бұл ставкаларды сіздер жеке түрде қойсаңыздар да болады немесе экспресс түрінде қойсаңыздар да болады.
Реал М — Атлетико Мадрид «Екеуіде соғады: иә — 1.82 »
Мальорка — Расинг «1-ші гол Мальорка – 1.62»
Сарагоса — Севилья «Х2 – 1.43»


26.11.2011. Англия. Чемпион-лига. Вест Хэм Юнайтед — Дерби Каунти

Лондондық Вест Хэм Англия Премьер Лигасына қайта оралу үшін деңгейі жағынан Англияда екінші болып келетін чемпионатта жолында кезіккен командалардың бәрінің тас-талқанын шығаруда. Соңғы төрт жылда Премьер Лигада жақсы өнер көрсеткен Вест Хэмге қарсы келесі айналымда соңғы уақытта нашар ойнап жүрген Дерби командасы ойнайды. Соңғы рет сырт алаңда Дерби Редингке қарсы ойнаған кезде ұпай санына ие болған (2:2), сол кезде Клаф командасы жеңісті өз қолынан матчтың соңғы 15 минутында жіберіп қойды. Осындай қөрсеткіштерге байланысты «қара ақтар» Чемпион-Лигасының түрнирлік кестесінің дәл ортасында – 10-шы орында орналасқан. Осы сенбі күні Дерби Вест Хэмге жеңілетін болса, онда 1-ші ондықтан төмен түседі. Лондондықтардың құрамында алаңға бірінші минуттан осы маусымда 16 ойында 11 гол соққан Сэм Болдок шығады. Бұл ойыншының көрсеткіші, екі-үш ойында бір рет гол соғатын Дерби шабуылшыларына үлгі болуы керек. Сэм Эллардайс командасының профессионалдық қасиеттері екінші дивизионға өте жоғары, еске сала кетейік – Балдоктан басқа Премьер Лигада «айронс» футболшыларының бәрі ойнаған. Осы үлкен тәжірибе, әрине, Вест Хэмның Премьер Лигаға оралуына үлкен көмек болады. Қонақтар 1-ші жартыда әрқашан да көп голдар санын жіберіп қояды. Сондықтан осы матчқа берілген желіге қарасақ, көзге мына бәс түседі «1-ші гол 1 мин 29 дейiн – 2.05». «Аптон Паркте» өткен матчта Вест Хэм Бристоль Ситимен 0-0 есебімен тең ойнаған еді, енді көш басында 5 ұпай айырмашылықпен алда келе жатқан Саутгемптонды қуып жету үшін ертен Вест Хэм міндетті түрде жеңіске қол жеткізуі керек «Вест Хэм Юнайтед форамен (-1) – 1.64».

https://www.olimpkz.com/index.php?page=news&day=25&month=11&year=2011#n611

2 комментария

Saiyan 26-Ноябрь, 2011 at 2:56

Валенсия Испания чемпионатында Реал мен Барселонага айтарлыктай карсылык коресететин жалгыз команда. (Кейде басым тусіп те жатады.) Олардың женіске жететініне сенімім мол. Олар казир бабында. Унай Эмери шакирттери биыл тамаша ойын орнегін корсетип жур. Чемпиондар лигасынын сонгы турында Лондонда Челсимен болатын матчта женіске жетсе деп тілеймін.

Жауап
Арман 26-Ноябрь, 2011 at 9:31

Валенсия ұтады деп ойлаймын. Райо Вальеканода осал қарсылас емес, бірәқ оларды Валенсия сияқты Чемпиондар Лигасында ойнап жүрген үлкен командамен салыстыруға келмес.

Жауап

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*