ALADOP.KZ
Еуро-2012

Бір фаворит жарыстан шықты

Бапкер мен күйеубала бәріне кінәлі

«B» тобының да өте қатты шиеленіскен жағдайына нүкте қойылды. Жанкүйер қауымның ұпай санап, түрлі есептеулеріне бір жақты шешім де шықты. Сонымен Еуродағы екінші топта аяқталып, ширек финалға шыққандардың да есімі белгілі болды. Ширек финалда Германия — Грекия, Португалия — Чехия құрамалары кездеседі.

Оңай шағылар жаңғақ емес екенін Дания да дәлелдеп, аброймен үйіне қайтпақ. Осы топтың анық аутсайдері саналған скандинавтар болашақта әжептеуір мықты команда болатындай әсер қалдырды. Ал Голландиялықтардың турнирді ерте аяқтауы ешкім күтпеген жағдай болды.

Дания – Германия — 1:2 (1:1)

Голдар: Подольски, 19 (0:1). Крун-Дели, 24 (1:1). Л.Бендер, 80 (1:2).

Дания: Андерсен, Аггер, Буск Поульсен, Кьер, Якобсен, Квист, Я.Поульсен (Миккельсон, 82), Цимлинг (К.Поульсен, 79), Эриксен, Бендтнер, Крун-Дели.

Германия: Нойер, Бадштубер, Лам, Хуммельс, Л.Бендер, Езил, Швайнштайгер, Хедира, Мюллер (Кроос, 84), Гомес (Клозе, 74), Подольски (Шюррле, 64).

Төрешілер: КАРБАЛЬО, Фернандес, Хименес, Гомес, Борбалан (Испания)

Португалия — Голландия — 2:1 (1:1)

Голдар: Ван дер Варт, 11 (0:1). Криштиану Роналду, 28 (1:1). Криштиану Роналду, 74 (2:1).

Португалия: Руй Патрисиу, Жоау Перейра, Бруну Алвеш, Пепе, Фабиу Коэнтрау, Раул Мейрелеш (Куштодиу, 72), Жоау Моутинью, Мигел Велозу, Элдер Поштига (Оливейра, 64), Криштиану Роналду, Нани (Роланду, 87).

Голландия: Стекеленбург, Матайсен, Флар, Ван дер Вил, Виллемс (Афеллай, 67), Де Йонг, Снайдер, Ван дер Варт, Роббен, Ван Перси, Хюнтелар.

Ескертулер: Виллемс, 51. Снайдер, 69. Жоау Перейра, 90+2.

Төрешілер: РИЦЦОЛИ, Стефани, Фаверани, Рокки, Тальявенто (Италия).

3 комментария

Шымкенттен Жанторе 18-Июнь, 2012 at 4:44

Криштиану жарады, жарайсың Криштиану, сәттілік.

Жауап
Бербатов 18-Июнь, 2012 at 4:51

Алем футболы деген айдардын ишинде «в» тобынын толык корытынды статистикасын карандар.

Жауап
нұрділлә 18-Июнь, 2012 at 8:06

португалия утылмайды и тобынан шығады деп аиткан жокпын ба мен

Жауап

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*