ALADOP.KZ
Еуро-2012

Ширек финалда кімнің бәсі жоғары?

Ширек финалдық ойындар да жақындады. Қарсыластар анықталды. Енді кімнің бағы жанып, жартылай финалға шығарына куәгер боламыз. Чехия Португалиялықтарға тегеурінді қарсылас атана алар ма? Роналду бастаған жігіттер Чех қақпасын торуылдаса, оңай болмасы сөзсіз. Португалияға осал қарсылас түскенімен, мұндай сатыда оңай жеңілетін команда жоқ екенін айтуымыз керек. Дегенмен фаворит Португалия.

Германия — Грекия арасындағы ойында тағы бір атышулы сенсация болмаса немістер келесі кезеңге өтуі тйіс. Испания өз атақтарын қорғап қалу үшін шабуылы жойқын француздарды тоқтатуы керек. Басқа жұптарға қарағанда ең қызықты да тартысты болайын деп тұрғаны осы шығар. Дәл басып кім жеңерін айту қиын.

Англия қорғаныста ойнауды жақсы меңгеріпті. Ходжсон командасы италиялықтармен тең тұрғанымен жеңіске жетуі әбден ықтимал.


25

21.06

22:45

Чехия 

vs

 Португалия    Варшава

26

22.06

22:45

Германия 

vs

 Греция    Гданьск

27

23.06

22:45

Испания 

vs

 Франция    Донецк

28

24.06

22:45

Англия 

vs

 Италия    Киев

1 пікір

Қуаныш Теміртаудан 21-Июнь, 2012 at 10:30

Еуро-2012 немістердің чемпион атанар кезегі келген сияқты!

Жауап

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*