ALADOP.KZ
Қазақстан

Рауан командасын ауыстырды

«Оле Бразил» футбол академиясының тәрбиеленушісі, қазақстандық жас футболшы Рауан Сәриев Рио-де-Жанейроның «Ботафого» клубы ойыншысы атанды,

деп хабарлады осы елдің БАҚ-тарына сілтеме жасай отырып «Қазақстанның спорт порталы».

Өткен жылы жас футболшы Р. Сәриев бразилиялық футбол клубымен («Атлетико Минейро») келісімшарт жасасқан алғашқы қазақстандық болған еді. Қазіргі уақытта ол «Ботафого» U-20 «Пантера» командасына өтіп, жаттығуды бастап та кетті.

Айта кетейік, «Ботафого» – Бразилияның мықты футбол клубтарының бірі. Бұл команда елінің екі дүркін чемпионы, Рио-де-Жанейро штатының бірнеше дүркін чемпионы, КОНМЕБОЛ кубогының жеңімпазы.

ҚАЗАҚПАРАТ

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*