ALADOP.KZ
Премьер-лига

Артур Едигарян мен Виталий Ли ресми түрде «Қайраттың» ойыншылары болды

артур«Қайрат» футбол клубының кезекті жаңа ойыншылары Армения құрамасының жартылай қорғаушысы Артур Едигарян мен қарағандылық «Шахтердың» шабуылшысы Виталий Ли болды.

10 маусымда қазақстандық футбол нарығында жазғы трансферлік терезе ашылды. Сіздерге бүгінгі күні біздің командамыздың құрамының қазіргі қазақстандық футболдың үздік ойыншыларымен толыққанын қуанышпен хабарлаймыз. Алматылық «Қайраттың» алғашқы жаңа ойыншылары барлық жанкүйерлерге танымал Жамбыл Күкеев, Давид Лория және Самат Смақов болды. Кейінірек Финляндия құрамасының жетекшісі, казандық «Рубиннің» экс-жартылай қорғаушысы Алексей Еременкомен келісімшарт жасалды. Бүгін «Қайраттың» кезекті жаңа ойыншылары Армения құрамасының жартылай қорғаушысы Артур Едигарян мен қарағандылық «Шахтердың» шабуылшысы Виталий Ли болды.

Келісімшарттарға ресми түрде қол қою және жаңа ойыншыларды таныстыру рәсімі бүгін «Қайрат» футбол клубының басты құрушысы «ҚазРосГаз» компаниясының офисінде өтті. Клубтың стратегиясына сәйкес, Артур Едигарянмен келісім екі жарым жыл мерзіміне есептелінген. «Лимитчик» позициясын жапқан Виталий Ли біздің клубымызға ағымдағы маусымның аяғына дейінгі жалға беру құқығында келді.

Келісімшартқа қол қойғаннан кейін, таныстыру рәсімінде «Қайраттың» жаңадан алынған ойыншыларына, олардың «Қайрат» ФК-да шығатын нөмірлері бар ойын футболкалары табысталды. Артур Едигарян 27-ші нөмірде ойнайтын болады, Виталий Ли – 13.

Таныстыру рәсімі аясында футболшылардың, бас бапкер Владимир Вайстың және спорт директоры Патрик ван Лиувеннің қатысуымен баспасөз конференциясы өтті.

 

Артур, Сіз аты аңызға айналған қазақстандық клубпен келісімшарт жасасқаныңызға қуаныштысыз ба?  

— Өте. Қыста менің «Қайратқа» ауысуым туралы сөз болған. Бірақ ол кезде ауыса алмадым. Ал енді мен қазақстандық клубтың толыққанды ойыншысы болдым. Мен командамның әрқашан жеңіске жетуі үшін қолымнан келгеннің бәрін жасаймын. Менің «Қайратты» таңдауымның екінші себебі, ол мұндағы Владимир Вайсс сияқты бапкердің жұмыс істеуі. Біз ол екеуміз таныспыз және жақсы қарым-қатынастамыз. Үшіншіден, сіздердің республикаларыңызда ойнаған менің жерлестерім Қазақстан туралы маған көп айтқан. Сосын мен келістім.

 

— Сізді ұжымда қалай қарсы алды?

— Өте жақсы. Кейбір жігіттермен мен Алматыға келмей тұрып таныс болғанмын. Басқаларымен де танысып үлгердім. Түсінгенім, бұл – көрнекті клуб. Менің мұнда ойнауға деген ықыласым артты.

 

— Ал Сіздің Қазақстан құрамасымен ойнаған матчыңыз есіңізде ме?   

— Әрине. Мен Еревандағы Армения құрамасы мен Қазақстан құрамасының жолдастық кездесуінде ойнадым.

 

Әңгімеге Едигарянның агенті Тигран Мрктчан араласты: «Біз Артурдың «Қайратқа» ауысуына септігін тигізгендердің бәріне алғыс айтамыз. Бірінші кезекте, клубтың басшылығына, спорт директоры мен бас бапкерге. Мен Артурдың қазақстандық клубқа пайда әкелетініне сенемін».

 

— Владимир Вайсқа сұрақ. Сіз команданың шабуылдаушы линиясын күшейтесіз бе?

— Менің жазғы кезеңдегі трансферге көңілім толады. Біз алғымыз келген футболшыларға өтініш бердік. Бұл мәселені басшылықпен және спорт директоры Патрик ван Лиувенмен бірге шештік. Бүгінде бізде жеті легионер және регламент бойынша шетелдіктерді ала алмаймыз. Сол себепті осы маусымда кім бар, солармен ойнайтын боламыз. Алайда жылдың соңына қарай біз осы мәселеге қайтып ораламыз деп ойлаймын.

 

Журналистердің сұрақтарына сондай-ақ Виталий Ли де жауап берді.

 

— Виталий, «Қайраттан» ұсыныс түскенде қандай сезімде болдың?

— Маған ұсыныс түскенде мен өте қуандым. Мен тіпті «Қайраттағы» оқиғаларды белсенді бақылай бастадым. Осы командаға тезірек келгім келді. Өте күшті маманның бапкер болып табылатынын білемін. Мен оған сенемін. Оның сенімін ақтап, негізгі құрамнан орын алу үшін, маған көп жұмыс істеу керек.

 

Командамен бірге жаттығып үлгердің бе?  

— Өкінішке орай – жоқ! Бүгін алаңға шығуым керек болған, бірақ дәрігерлік тексеруден өттім де, жаттығуға келе алмадым.

 

Сенің арманың бар ма?

— Жоғары деңгейде ойнау және биіктерге қол жеткізу.

 

Бірақ биіктер әр түрлі болады ғой?

— Білесіз бе, Қазақстан – бұл шегі емес.

 

Сенің Президент Кубогында ойнағаның және жарыста аз доп соқпағаның есімізде. «Қайратта» да сенің көздегеніңнің мүлт кетпейтініне сеніміміз мол.

— Қолдау көрсеткендеріңізге рахмет! Өзімді жақсы жағынан көрсетуге тырысамын.

 

Виталий Лидің ауысуын бас бапкер Владимир Вайсс түсіндіріп берді: 

— Виталийді мен алғаш рет қыста Түркиядағы дайындықта «Шахтердың» құрамынан көрдім. Ол кезде бұл баланың қанша жаста екенін сұрадым. Маған «Он сегіз» деп жауап берді. Ол бірден маған ұнады. Оның әлеуеті зор. Дене қалпы да жақсы. Ең алдымен, барлығы оның өзіне байланысты. Енді, клубтың «лимитчиктері» арасында бәсекелестік артқан шығар деп ойлаймын. Оның шабуыл ойыншысы болып табылатыны өте үлкен пайда. Қапталдарда да, орталықта да ойнай алады. Виталий, саған сәттілік тілеймін. Және, Лиді «Қайратқа» жалға беру құқығында жібергені үшін «Шахтер» клубына түсіністігі үшін алғысымды айтамын.

 

 

__________________________________________

 

ЕДИГАРЯН Артур Гегамович

26 маусым 1987 жылы туылған

Бойы: 175 см.

Салмағы: 68 кг.

Амплуасы: тірек жартылай қорғаушысы

Мансабы:  «Пюника» мектебінің тәрбиеленушісі, ол үшін 2004 жылдан бастап ойнай бастады. Едигарян командасымен бірге төрт жыл қатарынан (2006-дан 2009-ға дейін) елінің чемпионы болды, Армения Кубогын жеңіп алды, екі мәрте Суперкубок иегері болды. «Пюникада» бар-жоғы 68 мтчта ойнады және 5 гол соқты. 2009-дан 2011 жылға дейін жалға алынған ойыншы ретінде 38 матчта 4 рет доп соққан Ирандағы ПАС клубында ойнады. 2012 жылы «Химкиде» аз уақыт ойнады, одан кейін «1+1» сызбасы бойынша Ужгородтың «Говерласымен» келісімшарт жасасты. Тамыздың аяғында украиндық Премьер-лигада «Ильичевцымен» матчта дебютке шықты.

Армения құрамасы: 2008 жылдан бастап Артур Едигарян Армения ұлттық құрамасы қатарына жүйелі түрде шақырылады.

Жетістіктері:

— Армения чемпионы: 2006, 2007, 2008, 2009

— Армения Кубогының иегері: 2009

— Армения Кубогының финалисті: 2006

— Армения Сперкубогының иегері: 2007, 2008

— Армения Суперкубогының финалисті: 2006, 2009

Қызықты мәліметтер: Артурдың әкесі мен атасы кәсіпқой футболшылар болған, сондықтан спорттың сүйікті түрімен ол алты жасынан бастап айналыса бастаған.

 

 

__________________________________________

ЛИ Виталий

13 наурыз 1994 жылы туылған.

Бойы: 186 см.

Салмағы: 82 кг.

Амплуасы: шабуылшы

Мансабы:  Виталий қарағандылық футбол клубының тәрбиеленуішісі болып табылады. «Шахтердың» құрамына қарағандық облысының басқа қаласының клубынан- сатпевтық «Қазақмыстан» келді. «Кеншілердің» негізгі құрамы үшін 2012 жылдың 10 қазанында Қазақстан чемпионатының 17-ші бөлімінің басқа күнге ауыстырылған, «Оқжетпес» (Көкшетау) командасына қарсы ойында дебютке шықты.

fckairat.kz

2 комментария

жанкуйер смаков 21-Июнь, 2013 at 6:38

керемет

Жауап
Курмет 22-Июнь, 2013 at 6:26

Кайрат келесi жылы Еуропа Лигасына шыгады

Жауап

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*