ALADOP.KZ
Әлем футболы

Лионель Месси 2013 жылы алаңға шықпайды

Каталондық «Барселонаның» аргентиналық шабуылшысы Лионель Месси сол аяғының жарақатына байланысты алдағы 6-8 аптаға жасыл алаңнан тыс қалды.

Бұл туралы «Барселонаның» ресми сайты хабарлайды. Месси Испания чемпионатының 13-турындағы «Бетиспен» болған ойында 22-ші минутта жарақат алған болатын.

26 жастағы футболшы үшін бұл биылғы маусымдағы алған төртінші жарақаты.

Аргентиналық шабуылшы «Барселона» сапында 2004 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Осы уақыт ішінде ол 6 рет Испания чемпионатын, екі мәрте ел кубогын, бес рет Суперкубокты ұтып алған. Командасымен бірге Месси үш рет Чемпиондар лигасында топ жарды, УЕФА Суперкубогы мен клубтар арасындағы әлем чемпионатын екі реттен ұтты. Сонымен қатар Мессидің еншісінде төрт «Алтын доп» бар.

Түпнұсқасы: www.prosportkz.kz

1 пікір

айдын неимар 19-Декабрь, 2013 at 6:26

месси красавчик

Жауап

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*