ALADOP.KZ
Қазақстан

Ненад Эрич Қазақстан азаматтығын алмақ

Просмотров: 21

Комментариев: 0  Тэги:Ненад Эрич  Алдин Джидич  Никола Василевич Градимир Црногорац

Бұрынғы Югославиядан шыққан ойыншы Қазақстан азаматтығын алу ниетін білдірді.

Босниялық Алдин Джидич, Никола Василевич пен Градимир Црногорацтың ізінше сербиялық қақпашы Ненад Эрич те қазақстандық төлқұжатқа ие болуды көздеуде.

Ненад Эрич Қазақстанға 2010 жылы келген. Ол алғашқы маусымды «Қайрат» құрамасында ойнады. Кейінгі үш маусымды «Астана» сапында өнер көрсетті. Алайда, осы маусым біткен соң астаналық клубпен келісімшарты аяқталды. Ендігіде, келер жылда регламентке сәйкес премьер-лигада өнер көрсете алмайды. Бүгінде оның жасы 32-де және Сербия құрамасының ойыншысы емес.

Естереңізге сала кетсек, бұның алдында да сербиялық ойыншылар еліміздің азаматтығын алға болатын. Яғни, «Жетісу» шабуылшысы Иван Перич елімізде 5 жыл өнер көрсетіп, ақырында төлқұжатқа ие болды. Ал, Эрич мұнда төрт-ақ жыл өмірін өткізді.

Түпнұсқасы: www.prosportkz.kz

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*