ALADOP.KZ
Шолу

Қазақстан футболының трансфер топтамасы 3

Қарағандылық «Шахтер» 23 жасар Бауыржан Жолшиевпен ортақ келісімге келді.

43604af62151d2c72839ca1a646c572c

 

(Сурет Baq.kz сайтынан алынды)

Қырғызстан елінің тумасы, алматылық «Цесна»   командасының түлегі  Қазақстан Премьер-лигасында «Алма-Ата» командасында 2 ойын,  «Атырау» сапында 41 ойын 3 гол және «Тобыл» командасында 41 ойын өткізіп 14 голдың авторы атанған.

Өткен маусым Бауыржан үшін аса сәтті өтті деп айтуға болмас. Тобылдың құрамында бар-жоғы 9 ойын өткізіп, 3 рет гол соққан. Қазақсатан ұлттық құрамасының сапында 6 ойын өткізіп, 2 голдың авторы атанды.

:::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::

 Валерий Коробкин «Ақтөбе» командасының ойыншысы атанды.

player_2899_13cb4

 

(Сурет Sports.kz сайтынан алынды)

29 жасар жартылай қорғаушы ел чемпионы «Ақтөбе»  командасымен 2 жылдық келісім-шарт жасасты.

Еске сала кетейін, өткен маусымда бұл ойыншы Астана командасымен күміс жүлдеге қол жеткізген.Ел чемпионатында 25 ойын өткізіп, 3 гол соққан. Ұлттық құрамада 8 ойын өткізген.

:::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::

Павлодарлық Ертістің шабуылшысы Сергей Струков командадан кетті.

450_528ce6d35595e

 

(Сурет Sports.kz сайтынан алынды)

Сергейдің еншісінде 15 ойын, 4 гол. Ертіс бұл ойыншының Қазақстандағы ең алғашқы командасы. Бұдан бөлек Ақтөбе, Қайрат, Тобыл командаларында да бағын сынап көрген. Жалпы Қазақстан чемпионатында 151 ойын өткізіп, 45 голдың авторы атанған.

:::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::

Жаңа маусымда Қазақстан Премьер-лигасында ойнауға жолдама алған семейлік Спартак командасы жаңа бас бапкер іздеуде.

photo_34176

(Сурет Vesti.kz сайтынан алынды)

Өз кезегінде семейлік «Спартак» командасы  Валерий Журавлевтің жетекшілігімен Бірінші лиганың 2 орынын иеленген. Премьер лигаға жолдама алу үшін Восток командасымен жауапты ойын өткізген. Нәтижесінде Спартак командасы 1-0 есебімен Восток командасынан басым түсті.

Жаңа маусымды жаңа бапкермен бастамақшы болған семейлік Спартакты Алмас Құлшынбаев жаттықтыру мүмкін. Құлшынбаев Бірінші лиганың қатысушысы Сұңқар командасын жаттықтырған.

:::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::

Йован Голичке Тараз командасы қызығушылық танытуда.

golich_0

(Сурет Фк Атырау сайтынан алынды.)

Өткен маусымда «Атырау» командасының жейдесінде өнер көрсеткен 27 жасар серб ойыншысы 17 рет жасыл алаңға шығып, 1 мәрте мергендігімен танылған.

Сондай-ақ, футболшының өзі де «Sports.kz» интернет-порталына берген сұхбатында Атырау командасынан кететінін мәлімдеді.

::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::

Владимир Муханов жақын арада «Химки» командасын жаттықтыру мүмкін. Бұл туралы OneDivision.ru интерет-порталы ақпарат таратты.

450_52a0417444dde

 

(Сурет Sports.kz сайтынан алынды.)

Муханов осыған дейін Воронеждің «Факел» командасын жаттықтырып келген болатын. Бұл бапкер қазақстандық жанкүйерлер үшін жақсы таныс. Кезінде Ақтөбе командасымен жақсы жетістіктерге жеткен болатын.

:::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::

Астана командасының шабуылшысы Сисеру елордалық командада қалатынын мәлімдеді.

450_5236c0578394a

Португалиялық Спортинг және мәскеулік Динамоның бұрынғы шабуылшысы Сисеру Астана командасына жазғы трансферлік маусымда ауысып келген болатын.Ол команданың негізгі құрамына еніп, 8 ойында 2 гол авторы атанды.

::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::

(жалғасы бар)

Абылайхан ЖҰМАШ

 

 

 

 

 

 

 

2 комментария

жанкүйер 5-Декабрь, 2013 at 5:57

жақсы жаңалықтар…
біздің ұлттық құрамаға кім келер екен?

Жауап
жанкуйер смаков 5-Декабрь, 2013 at 10:47

керемет мақала

Жауап

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*