ALADOP.KZ
3-тайм

Кездесулер тарихы(жалғасы)

Естеріңізде болса,  біз сіздердің назарларыңызға «A», «B», «C», «D» тобындағы құрамалардың өзара кездесулерін ұсынған болатынбыз, ал енді қалған 4 топтағы құрамаларға тоқталсақ. Сонымен:

 

«Е» тобы: Швейцария, Эквадор, Франция, Гондурас.

Швейцария — Эквадор.

Бұл құрамалар өзара ешқашан жолықпаған.

Франция — Гондурас.

Бұл құрамаларда өзара ешқашан жолықпаған.

Швейцария — Франция.

38 рет кездескен,12-ін Швейцария,17-ін Франция жеңген, 9 рет тең ойын болған, доп айырмасы 59-65.

Эквадор — Гондурас.

12 рет жолыққан, 3-ін Оңт.Америка өкілі, 2-ін Сол.Америка өкілі жеңген,7 мәрте тең тарқасқан, доп айырмасы 13-12.

Швейцария — Гондурас.

1 рет ғана жолығып, 0:0 есебімен тең тарқасқан.

Эквадор — Франция.

1 рет жолығып, 0-1 есебімен «үш басты әтештер» жеңген.

 

«F» тобы: Аргентина, Босния және Герцоговина, Нигерия, Иран.

Аргентина — Босния.

2 рет жолыққан, екеуінде де Аргентиналықтар басым болған, доп айырмасы 7-0.

Нигерия — Иран.

1 рет кездескен, 1-0 есебімен қара маржандар жеңген.

Аргентина — Нигерия.

6 рет жолыққан, 4-ін Аргентина, 1-ін Нигерия жеңген, 1 мәрте тең ойнаған, доп айырмасы 8-6.

Босния — Иран.

6 рет кездескен, 1-ін Босниялықтар, 4-ін Парсы шығанағындағылар жеңген, 1 рет тең ойнаған, доп айырмасы 10-17.

Аргентина — Иран.

1 рет жолығып, 1:1 есебімен тең ойнаған.

Босния — Нигерия.

Осы Әлем біріншілігін алғаш кездескелі отыр.

 

«G» тобы: Германия, Португалия, Гана, АҚШ.

Германия — Португалия.

9 рет жолығып, 5-ін немістер, 1-ін ғана Португалдар жеңген, 3 рет тең ойнаған, доп аырмасы 14-10.

Гана — АҚШ.

3 рет жолыққан, 3 інде де қара құрлық өкілдері жеңген,доп айырмасы 5-2.

Германия — Гана.

2 рет жолығып, 2 індеде немістер басым болған, доп айырмасы 7-1.

Португалия — АҚШ.

5 рет жолығып, 2 ін Португалия, 2 ін АҚШ құрамасы жеңген, 1 рет тең ойнаған, доп айырмасы 5-5.

Германия — АҚШ.

9 рет жолығып, 6 ын немістер, 3 ін АҚШ жеңген, доп айырмасы 21-15.

Португалия — Гана.

Ешқашан жолықпаған.

 

«Н» тобы: Бельгия, Алжир, Ресей, Оңтүстік Корея.

Бельгия — Ресей.

3 рет кездесіп, 2 ін Бельгия жеңген, 1 рет тең ойнаған, доп айырмасы 5-2.

Алжир — Оңт.Корея.

3 рет кездесіп, барлығын Корейлер жеңген, доп айырмасы 2-8.

Бельгия — Алжир.

2 рет жолығып, 1 ін Бельгия жеңген, 1 рет тең ойнаған, доп айырмасы 3-1.

Ресей — Оңт.Корея.

1 рет жолығып, 2:1 есебімен орыстар жеңген.

Алжир — Ресей.

Ешқашан жолықпаған.

Бельгия — Оңт.Корея.

3 рет жолығып, 2 ін Бельгия жеңген, 1 рет тең ойнаған, доп айырмасы 5-2.

 

ЖҰМАҒАЗИЕВ ҚҰРМЕТ

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*