ALADOP.KZ
Шолу

Митар Новакович деген кім ?

«Қысқы трансфер маусымында қостанайлық «Тобыл» командасына Митар Новакович келеді»,- деп қазақ спорт басылымдары жарыса жазуда. Жалпы бұл футболшы жайлы не білеміз ? 

загруженное (2)

Митар Новакович Черногория ұлттық құрамасының және ресейлік «Амкар» командасының ойыншысы. Амплуасы — жартылай қорғаушы. Ұлты серб. Черногория азаматтығын алған. Жасы — 32 де. Бойшаң ойыншылардың санатынан. Сербияның «Звездара» футбол клубының тәрбиеленушісі. Кезінде«Звездара», «Борча», «Чукарички», «Железник», «Рад» және «ОФК» командаларында ойнаған. 2008 жылдан бері ресейлік «Амкар» командасының құрамында.

Митар Новакович Черногория ұлттық құрамасында 21 ойын өткізген. Ресейлік «Амкар» командасында 126 ойын өткізіп, 5 голдың авторы атанған.

Назарларыңызға Митар Новаковичтің «Амкар» сапындағы голдарын ұсынамыз.

 

 

 

Абылайхан ЖҰМАШ

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*