ALADOP.KZ
Қазақстан

Юрий Красножан Ұлттық құрама ойыншыларының тізімін жариялады

Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкерi Юрий Красножан 2016 жылы Францияда өтетін Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Нидерланды және Чехия құрамаларына қарсыөтетiн ойынға қатысатын ұлттық құрама футболшыларының тiзiмiн жариялады. Бұл жайында Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі хабарлады.

10 қазан күнi бiздiң команда Нидерланды елiнiң «Amsterdam Arena» стадионында Голландияға қарсы ойын өткiзсе, 13 қазан күнi елорданың «Астана-Арена» стадионында Чехия құрамасын қабылдайды.

Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкерi Юрий Красножан бұл ойындарға бұған дейiнгi Латвиямен болған кездесуге қатыспаған бiрнеше ойыншыны шақырды. Атап айтсақ, «Атыраудың» әккi жартылай қорғаушысы Андрей Карпович және қорғаушылар Константин Энгель («Ингольштадт») мен Генрих Шмидтгаль («Фортуна») сынды саңлақтар алдағы ойындарда бас командамыздың намысын қорғауға мүмкiндiк алды.

5 қазанда Астана қаласында жиналатын ұлттық құрама ойыншылары қазанның 7-сi күнi Амстердамға ұшады.

Қазақстан ұлттық құрамасының Нидерланды және Чехияға қарсы ойындарға шақыртылған футболшылары:

Қақпашылар: Владимир Логиновский (Астана), Александр Мокин (Шахтер), Стас Покатилов (Шахтер), Андрей Сидельников (Ақтөбе)

Қорғаушылар: Ренат Абдулин (Атырау), Абзал Бейсебеков (Астана), Илья Воротников (Тараз), Марк Гурман (Қайрат), Виктор Дмитренко (Астана), Александр Киров (Шахтер), Ермек Қуантаев (Қайрат), Юрий Логвиненко (Ақтөбе), Дмитрий Мирошниченко (Ақтөбе), Гафур Сүйiмбаев (Ордабасы), Генрих Шмидтгаль (Фортуна), Дмитрий Шомко (Астана), Константин Энгель (Ингольштадт)

Жартылай қорғаушылар: Анатолий Богданов (Тобыл), Аслан Дарабаев (Қайрат), Бауыржан Жолшиев (Астана), Георгий Жуков (Астана), Бауыржан Исламхан (Қайрат), Андрей Карпович (Атырау), Ұлан Қонысбаев (Шахтер), Валерий Коробкин (Ақтөбе), Станислав Лунин (Қайрат), Азат Нұрғалиев (Ордабасы), Самат Смақов (Қайрат), Асқат Тағыберген (Ақтөбе)

Шабуылшылар: Тоқтар Жаңғылышбай (Шахтер), Таңат Нөсербаев (Астана), Сергей Хижниченко (Корона), Андрей Финонченко (Шахтер)

Дайындаған: Нұржігіт Айдархан

массагет.кз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*