ALADOP.KZ
Қазақстан

Самат Смақов ұлттық құрамаға шақырту алды

«Қайраттың» капитаны және жартылай қорғаушысы Самат Смақов Қазақстан ұлттық құрамасына шақырту алды.

Қазақстан ұлттық құрамасының бапкерлік штабы «Қайраттың» жартылай қорғаушысы және капитаны, Қазақ футболының аңызы Самат Смақовты ұлттық құрамаға шақыртуды жөн санады. Саматты Қырғызстан және Латвиямен болатын матчта көріп қалуымыз мүмкін. Смақов бұған дейін ұлттық құрамада 2000- 2011 жылдары өнер көрсетіп, 59 матчта бір гол соққан. Ұлттық құрама сапында алғашқы матчын 2000-шы жылы 31 наурызда Иордания ұлттық құрамасына қарсы өткізсе, алғашқы голын 2007 жылы 12 қыркүйек күні Бельгияға қарсы матчта салды. 2011 жылы 9- шы ақпанда Қазақстан ұлттық құрамасы сапындағы мансабын аяқтап, ұлттық құрамамен қош айтысқан еді.  Міне енді ұлттық құраманың бас бапкері Юрий Красножан 35- жастағы жартылай қорғаушыны қайтадан қатарға қосып отыр.

Дайындаған: Нұрахмет Ерден

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*