ALADOP.KZ
Қазақстан

«Астана» — Cуперкубок иегері!

Футболдан ел чемпионатының маусымашар ойыны өтті. Қазақстан Республикасының Суперкубогын сарапқа салған ойында «Астана» Алматының «Қайратынан» пенальти сериясында басым түсті.

Бірінші таймда аса қауіпті сәттер көп орын ала қойған жоқ. Тең қарсыластар бір-біріне тегеурін таныта алмады. «Астана» бірінші нөмірмен ойнауға ұмтылғанмен, «Қайрат» қарымта шабуылда қауқарлы екенін байқатты. Бірінші болып алматылық ұжым сапынан Жерар Гоудың есеп ашуға мүмкіндігі болған. Бірақ, жылдамдығы жетіспеді. Ал алаң иелері қатарынан Дмитрий Шомконың айып соққысынан бағыттаған добы«Қайрат» қақпашысы Владимир Плотниковқа айтарлықтай қиындық тудырды. Өзге сәттерде командалар сәтті қорғана білді.

Екінші таймды Стономир Стойлов шәкірттері жоғары қарқынмен бастады. 62 минутта «Астана» кезекті шабуылында есеп ашуға зор мүмкіндік алған. Бірақ, Патрик Твумасидың соққысы қақпа бағанынан кері қайтты. Араға бірнеше минут сала «Қайрат» сапынан Исаэль да өз бағын сынап көрді. Сәттілік жетіспеді. Доп қақпадан жоғары кетті. 86 минутта Бауыржан Жолшиевтың орнына шыққан Ұлан Қонысбаев қауіпті соққы бағыттай білді. Доп қақпадан аз ғана қиыс кетті. Негізгі уақытта қос команда бір-бірінің осал тұстарын таба алмай тең тарқасты.

Қосымша уақытта да командалар тең тарқасты. Ойында есеп ашылмаса да, кездесудегі тартыс алаң ортасында өрбіді. Нәтижесінде жеңімпаз пенальти сериясында анықталды. Бірінші болып соққы бағыттаған«Қайрат» ойыншысы Аслан Дарабаевтың соққысын Ненад Эрич оңай қайтарды. «Астанадан» Дмитрий Шомко қақпадан алыс тепті. Одан кейін Жарко Маркович те қақпа кілтін таба алмай састы. «Астананы» Марин Аничич алға шығарды. Мариннен кейін екі командадан Сито Риера мен Рохер Каньяс өз мүмкіндіктерін пайдалана білді. Кезекті рет алматылық клуб сапынан Зауырбек Плиев қателесті. Одан кейін Ұлан Қонысбаев пенальтиді орындағанда, Стонимир Стойлов шәкірттері ертерек чемпион атанар еді. Бірақ, олай болмады. Ұланның соққысын Владимир Плотников қайтара білді. Нәтижесінде Тимур Рудосельский таразы басын теңестірді. Соңынан Фокси Кетевоама мен Илья Калинин де қателесті. Шешуші соққыны елордалық ұжымның капитаны болған Абзал Бейсебеков орындады. Пенальти серисында ұлттық құрама қақпашысы Ненад Эрич қарсыластарының үш соққысын қайтарып, үздік ойын өрнегін көрсетті.

Суперкубок финалына Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев келіп, екі клуб ойыншыларын марапаттау рәсіміне қатысты. Сонымен қатар, кездесу ТМД елдерінің телеарналарынан да көрсетілді. Сонымен қатар, Суперкубок ойынымен жаңа маусым шымылдығы түрілді. «Nike Ordem» добы да алғаш рет ойынға пайдаланылды.

 

Массагет.кз

8 комментариев

Арман Серікұлы 1-Март, 2015 at 9:31

Ойын теңдей-ақ өтті. Пенальти лотереясында Астананың жолы болды. Исламханның жарақат алып қалғаны қандай өкінішті-ақ! Рудосельский мен Абзал және Эрич жарады. Плотниковта осал емес.

Жауап
zhadirasin kuatbai 1-Март, 2015 at 9:49

Суперкубок финалына лайықты ойын бола қойған жоқ. Екі команда да көбіне қорғаныста ойнады. Қайрат күшейіпті. Қайратка тек сәттілік жетіспеді.

Жауап
Мәлік Кеңесбай 1-Март, 2015 at 10:31

Биылғы Суперкубок тамаша өтті бірақ 120 минут ішінде 1 гол көре алмадық.Осы ойында Бауыржаннан тамаша ойын күткен едім алайда күткенім болмады.Йә қай Бауыржан екенін білмей отырған боларсыз бір Бауыржан оза шапса бөліп айтар едім бұл ойында екеуіде нашар ойнады, көзге түсе қоймады.Алайда маусым жаңа басталды, әлі үйренісе алмаған болар деп өз өзімізді жұбатып қойамыз әйтеуір.Маусым жаңа басталды деудің қажеті жоқ себебі біздің футболшылар демалыста бір емес бірнеше жолдастық кездесулер өткізіп отырды.
Ойынға келер болсақ екі қақпаныңда кілті табыла қоймады.Қара нәсілді футболшыларымызға да сенген едік алайда оларда көзге түсе қоймады.Қайраттың қорғаныс шебі тамаша ойнады, ойында бірнеше мәрте қауіпті сәттердің бетін қайтара білді.Бас қазыда ойынды тамаша қадағалап әділ шешім шығарумен болды.90 минут бір бірінен айласын асыра алмаған командалар қосымша 15 минуттан тұратын екі экстра таймның көмегіне жүгінді.Ондада бір бірінің осал тұсын таба алмаған қос команда 11 метрлік айып соққысына жүгінді.Пенальти барысында мүлт кетушілер аз болып голдар көп болушы еді, ал бұл ойында керісінше гол аз мүлт кетушілер көп болды.Бұл пенальти сериясында Еричтің ерлігін мақтаған жөн.Себебі бір емес бірнеше пенальтидің бетін қақты.Түбі Астана командасы жеңіп 2015 жылдың суперкубок иегері атанды.

Жауап
Алишер Есенбек 1-Март, 2015 at 11:54

Бүгінгі бұл ойын біразінің көнілінен шыққанда шар,ал біреулерінің көнілінен шықпады. Ең алдымен айта кететін нәрсем Ерлан Қожапағанов мырзаға риза болдым. Марапаттау рәсімінде ары бері жүгіріп жүргенің көрген шарсындар ана жерде бәрін өзі реттестіріп жүрді. Ел басымыз Нұрсылтан Назарбаев әрбір ойнатылатын кубок және суперкубок матчтарынан қалған емес осының өзі футболдың дамыуына жағдай жасап беріп жатқаның дәлелі емеспе. Астана қаласының әкіміде келіп көрді.Жалпы жоғары лауазымды тұлғалардың бүгінгі футболға келіп көргендері қуантады енді ұлттық құраманың ойындарынан да қалмай келетін болса нұр үстіне нұр болатын еді
Төрешілер тамаша жұмыс істеді осылардан сабақ алу керек сияқты. Ойынға келсек ойын бір қалыпты өтті. Гол соғуға ниет бар, бірақ шеберлік жетіспеді. Сонда дайындықта не үйретеді бұларға. Қақпақшылар жарады екеуіде мықты екен әсіресе ұлттық құраманың қақпашысы Эричтін тұрғаны көңіл көлшітеді,енальттиді тамаша қайтарады екен. Шабулшыларда физикалық дайындық нашар, соңғы соққыны жасауда бәрі қателесті.Қорғаушылар тамаша ойнай білді аралары жақын,пас асырулары жақсарған екен. Футбол маусымы енді басталдығо камандалардан жақсы,керемет ойындар нәтижелер көтеміз еурододаларда айды аспаннан бірақ шығарып еуропаны бізге қаратса деген игі тілектер тілеп қаламыз. Көп гол соғып аз гол жіберейік.

Жауап
Бакдаулет Пернебек 2-Март, 2015 at 12:19

Шыны керек матчты көріп отырып финалды емес,көше футболын көріп отырғандай әсер алдым.Мені қоя береңіз шетелде көрсеткен телеарналар мен футбол жанкүйкерлері біздің футбол туралы қандай пікірде қалды екен.Мүмкін сірә, енді Қазақ футболына құныға қоймас.Анда-санда бір демалып, футбол тамашалайтын Нүрекеңде футболдан ләззәт алмақ түгілі, жүйке жүйесі сыр берген болар.Ол кісіге өкпе жоқ.Тамаша стадион салғызды,қыруар ақшада бөліп жатыр,керек десеңіз Бразилиялға футбол әліппесін үйренуге балдарды оқытуғада жіберді.Ақша судай шашылды,бірақ доп аяққа бағынар емес…
Финалға оралсақ…Финалда гол көру былай тұрсын,керемет шабуылдарды мен комбинациялар көру мұң болды.Футболшылардың аяғына доп келсе болды,құтылуға даяр тұрады.Ең бастысы доптан құтылса болды.Құтты бейне бір, алаңда біреу қинатып доп ойнатып жатқандай әсер қалдырады.Футболшылардың көзінен жалындаған от пен жеңіске деген құштарлықты көре алмайсыз.Пенальтиді де зорға тептік.Орындалған 12 пенальти, соның ішінен тек бесеуі ғана голға айналды.Білмеймін бұған недеуге боларын, пенальтидің өзін әрең саламыз.Әйтеуір кубокты алғандарына мәз біздің жігіттер.
Бұл жердегі мақсатым ел футболын жамандап нұсқан келтіру емес ,бірақ әркім өз мамандығын жетік меңгеру тиіс.Қолыңнан доп тебу келмейді ма,онда өз орныңды өзгеге босат.Өзгелерде бағын сынап көрсін.Футболымыз әне дамыйды, міне дамыйды деп жүргенімізге қаншама уақыт болды.Уақыт керек дейді біреулер,бірақ тәуелсіздігін бізбен бірдей алған Кеңес одағының елдерінің футболдағы шама шарқын бізбен салыстыруға мүлде келмейді.Олар бізден әлде қайда жоғары сатыда…Құрамасында,клубында алып қараңыз.Тек біздің шамамыз Қырғызстанға жетеді.Оғанда шүкір..Бізге енді қанша уақыт керек,қашан дамимыз?Қашанғы шетелден өз ойынын таба алмай келген легионерлерді негізгі құрамға қойып, біздің жігіттерді қосалқы құрамда телміртіп қоймақпыз.Білмеймін…Бір білетінім әзірше біздің елдің осылай футбол ойнағаны, ойнаған.Бізге тың бір жаңа дүние керек.Бірақ ол серпілісті әзірге ешкім жасай қоймас.

Жауап
Nurzhaugan Algaliev 2-Март, 2015 at 1:39

120 минуттық сылбыр ойыннан,ешқандай керемет сезім алған жоқпын. Футбол деген ұлы ойынның дәрежесін төмендетті десем артық етпес. Маусымның басы болғасын коп сөге бермейік. Бірақ, ойын өте төмен дәрежеде өтті. Өткір шабуыл түгілі, қақпаға бағытталған соққыны да көре алмадық. Елбасымыздыңда бұл ойынды көріп, ұйқысы келгені анық. Өз басым Исламхан командасын алға сүйрейтін болар дедім. Бірақ, мен қателесіппін. Сүйремек түгілі, алаңнан жөнді байқамадым. Астана сапынан Шомконың ойынына ырза болдым. Марсело сияқты шабуылға араласып, керемет ойынын көрсете білді. Ойынға келер болсам, ешбір ойыншы қақпаның кілтін таба алмады. Осылай ойын аяқталып, пенальтиге ұласты. Бұл футбол лотериясын Астана клубы тиімді пайдаланып, суперкубокты иеленді. Пенальтиді көріп отырып, басымды шайқағаннан басқа ештеңе істей алмадым. Көп мақтаған ойыншыларымыз 11 метрлік айып добынан мүлт кетіп жатты. Сондықтан, футболшыларға көп дайындық керек…

Жауап
Жақып Марғұлан 2-Март, 2015 at 10:58

Мен дым ойын көрмедім. Амангелді ағам айтқандай: «Футбол болды, бірақ суы жетіспедіма, әлде тұзы аздаума?» дегендей, футбол деген аты ғана болды. Бірақ ешқандай футболға тән тартыс, бұл Суперкубок еді-ау деп жанталасып ойнаған бір ойыншыны көрмедім. Ауылдың жай ғана балалары ойнап жүргендей болды. Пенальти… Бұл мүлде масқара, екі бапкер нүктеге мүлде пенальти теуіп көрмегендерді қойғандай. Легионерлер пенальти соқты, легионер қақпашы доп тосты. Қазақтар сол баяғы…..

Жауап
kairat 2-Март, 2015 at 5:16

Бұл оиында бәрiде әдiл болды Астана бұл сyпер кубок ты асқар армандар мен және жақсы дайындалған дықтан алып отыр Астана фудболшылары супер кубок қа лаиық деп ойлаимын!

Жауап

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*