ALADOP.KZ
Әлем футболы

«Боруссия» Хуммельсті сатуға дайын

Дортмундық «Боруссияның» келесі жылы Чемпиондар лигасында ойнауға мүмкіндігі аз. Сондықтан команда қаржылық қиындықтарға тап болуы мүмкін. Осыны ескерген «Боруссия» Матс Хуммельсті сатуға мәжбүр.

Хуммельсті сатып алуға «Манчестер Юнайтедтің» мүмкіндігі зор. «Қызыл сойқандар» соңғы екі трансфер бойы Матсты өз командасына алуға тырысқан болатын.

 

1 пікір

Бауыржан Мағау 23-Март, 2015 at 9:03

Иә, биылғы маусымда Дортмундық клуб ойламаған жерден, қырсыққа ұшырап, көңіл көншітпейтін нәтижелер көрсетуде. Жыл сайын Мюнхендік «Бавариямен» бундеслиганың чемпионы болуға бәсекелесетін, Чемпиондар лигасының қатысушысы болатын бұл ұжымнан ешкімде бұндай нәтижелер күткен жоқ. Тіпті, турнир кестесінің соңғы сатыларында бірнеше тур бойы орын алып, өте сәтсіз ойын көрсетті. Бірақ, аз да болса ес жинап үлгерген Клопп шәкірттері енді, енді жағдайын дұрыстап келеді. Бірақ, Чемпиондар лигасына қатысу үшін, «сары аралар» кеш оянған сияқты. «Боруссияның» Чемпиондар лигасына жолдама беретін бундеслигадағы үздік төрттікке ілігуі үшін, ғажайып орын алуы керек сияқты. Себебі, үздік төрттікті қорытындылап тұрған «Байерде» 45 ұпай, ал «Боруссия» 33 ұпаймен кестенің 10-шы сатысында орналасқан. Маусымның аяқталуына 10 кезең қалды. Ал, Ливеркузенліктердің қарқыны әр матч сайын күшейіп, керемет ойын көрсетуде. Минхенгладбахтың «Боруссиясы» 47 ұпаймен, 1 саты «Байерден» жоғары тұр. Олардың да аяқ алысы жаман емес… Соңғы турда, турнир фавориті «Баварияны» өз алаңында 2:0 есебімен ұтып, қапы қалдырып кетті. Сөйтіп, тағы да 3 ұпай еншілеп алды. Қарап отырсам, барлық нәтижелер Дортмундтықтарға қарсы рөл ойнап тұр… Егер, «аралар» кәрі құрлықтың үздік клубтары додасына қатыса алмаса, қаржылық жағынан мәселе туындап қана қоймай, үздік ойыншылары да, аталған турнирге қатысатын басқа командаларға ауысып, «Боруссияны» қиын жағдайда қалдырып кетуі мүмкін… Өйткені, Клопп шәкірттеріне құда түсушіелер көп… Мысалы, Хуммелс, Гюндоған, Ройс… Соңғы әлем чемпионы болған Хуммелс кез-келген команданың қорғанысына үлкен күш қосатыны анық. Манчестерлік ұжым көздеген ойыншысын қатарына қоспай, дамыл таппайтынын білесіздер. Оның үстіне «қызыл сойқандар» араға бір жыл салып, Чемпиондар лигасына қайта оралмақшы. Ван Гал командасының қорғаныс шебіне көңілі толмайтынын бірнеше баспа-сөз жиындарында хабарлаған. Соған қарағанда, келесі маусымда Хуммелсті «Манчестер Юнайтед» сапынан көріп қалуымыз әбден мүмкін…

Жауап

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*