ALADOP.KZ
Қазақстан

«Ертіс» «Анжидің» дублін ұта алмады

«Ертіс» ФК оқу-жаттығу жиыны аясындағы соңғы жолдастық кездесуін өткізді. Дмитрий Черышев шәкірттері бұл жолы махачкалалық «Анжидің» қосалқы құрамымен күш сынасты.

Бұл туралы павлодарлықтардың баспасөз-қызметі мәлім етіп отыр. Бірінші таймның аяғында Самат Смақов айып добын сәтті орындап, «Ертісті» алға шығарды.

Екінші таймда ресейлік ұжым пенальти тебуге мүмкіндік алып, оны Тамирлан Джамалутдинов голға айналдырды. Бірнеше минуттан соң, Исмаил Корголоев қақпашының қателігін пайдаланып, «Анжиді» есепте алға шығарған. Дегенмен кездесу аяқталар тұста Изу Азука павлодарлықтарды жеңілістен құтқарып қалды – 2:2.

Естеріңізге сала кетсек, «Ертіс» премьер-лиганың алғашқы матчында «Ордабасымен» кездеседі.

 

1 пікір

Алишер Есенбеков 2-Март, 2015 at 9:15

Иа Самат Смаков айып добын керемет орындайды. Ертіс камандасы Саматты өз құрамына қосқандарын өкін бейтіні аңық, себебі Қазақтын аныз футболшысы.

Жауап

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*