ALADOP.KZ
Әлем футболы

Еурокубоктың ширек финалында ағылшын клубтарын көре алмаймыз

Чемпиондар лигасының 1/8 финалында ұшып кеткен «Челси», «Арсенал», «Манчестер Сити» командаларының ізімен «Эвертон» да Еуропа лигасымен қош айтысты.

Демек еуробкубок ойындарының ширек финалында бір де бір англиялық клуб болмайды деген сөзү мұндай жағдай соңғы рет 1992/93 жылғы маусымда ғана орын алған екен.

Естеріңізге сала кетсек, «Эвертон» Еуропа лигасының 1/8 финалында киевтік «Динамоға» қонақтап барып, 5:2 есебімен тас-талқан болып жеңіліп қалды.

 

5 комментариев

zhadirasin kuatbai 20-Март, 2015 at 9:19

Биыл манчестер юнайтед чемпиондар лигасына қатыса алмай қалды. Болмаса мю алысқа баратын еді

Жауап
Ернар Каштан 20-Март, 2015 at 11:47

Осы маусымдағы чемпиондар лигасы да,еуропа лигасы да,жалпы айтқанда еурокубоктік бәсекелерде ағылшындық клубтар үшін сәтсіз өтті.Англялықтар осы маусымдағы чемпиондар лигасына 4 бірдей алпауыт клубтарын қосқан болатын.Оның 3-еуі 1/8 финалға дейін өтсе,Ливерпуль өз тобынан аса алмады.
Англялықтар еуропа чемпиондар лигасына:Ливерпуль,Челси,Арсенал және Манчестер Сити клубтарын бәйгеге қосқан болатын.Нәтижесінде Ливерпуль өз тобынан шыға алмады,өз алдына Реал Мадрид пен Базельді жіберіп алған Ливерпуль топта тек Разградтық Лудогорецтен ғана басым бола алды.
Челси болса осы маусымдағы чемпиондар лигасында жеңілмесе де,жарысты аяқтады.Өз тобында жақсы нәтиже көрсете алған Лондондық клуб плей-офф кезеңінде Франция чемпионы ПСЖ клубына келіп тоқтады.Өз алаңында жіберген 2 голы Челсиді келесі кезеңге өткізбеді!
Үшінші клуб тағы да Лондондық ұжым-Арсенал болатын.Зеңбірекшілер өз тобынан Дортмундтың Боруссиясынан соң 2-ші орынмен 1/8 финалына жолдама алған болатын.Плей-оффта тағы Монакоға кез болған Арсен Венгер шәкірттері ары қарай өте алмады,олардың ширек финалға өтуіне 1 гол жетпей қалды!
Ағылшындардың чемпиондар лигасындағы үміт артып отырған командаларының бірі Манчестер Сити болатын.Пеллегрини баптайтын қалалықтар өз тобынан шыққанымен,барар жері 1/8 финал болыпты.1/8 финалда Каталония чемпиондары Барселонадан қос матч есебі бойынша 3:1 есебімен ұтылды.
Еуропа лигасындағы үміті Эвертон да ары қарай жарысты жалғастыра алмайды
Енді біз Еурокубоктік бәсекелерді ағылшындық клубтарсыз өткізетін боламыз!!!

Жауап
zhadirasin kuatbai 21-Март, 2015 at 10:55

Келесі жылы англиялық клубтардың ішінен манчестер юнайтед пен челсидің біреуі жартылай финалға барады.

Жауап
карим карим 21-Март, 2015 at 5:57

АПЛ клубтарынын 1/4 финалга шыкпаганы зандылык. Тек биыл емес алдынгы жылдардада агылгындар алсиз болган. Ол кездерде тек Челси узакка баратын. Ал Челсидин ойыны ойын емес, аялдамага токтаган автобус. МЮ келсек, олар топтан да шыга алмас еди. Агылшын Улттык курамасы мен АПЛ-дин денгейи оте томен.

Жауап
Бауыржан Мағау 22-Март, 2015 at 3:21

Әлемнің ең үздік лигасы — ағылшын премьер лигасы дейміз… Бірақ, ағылшындық ұжымдар еурокубоктің ширек финалына да өте алмауда. Соңғы команда «Эвертон» да жарыс жолынан шығып қалды… Өте өкінішті…

Жауап

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*