ALADOP.KZ
Әлем футболы

Fair play ережесіндегі гол (Видео)

Түркия чемпионатындағы «Касымпаша» мен «Коньяспор» кездесуінде қызық оқиға орын алды, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Матчтың 19-шы минутында «Касымпашаның» ойыншысы Райан Бабел жарақат алып қалған соң, «Коньяспор» футболшылары ойынды тоқтата қойған. Дегенмен «Касымпаша» ойыншылары шабуылын тоқтатпай, гол соғып кетті. Осыдан соң алаң иелерінің бас бапкері Шота Арвеладзе fair  play аясында өз шәкірттеріне гол жіберуді талап етті. Ал матч 2:1 есебімен «Коньяспордың» пайдасына шешілді.

Бұл ойыннан кейін Шота Арвеладзе орнынан кететінін мәлім етті.

3 комментария

Бауыржан Мағау 14-Март, 2015 at 9:03

Қызық жағдай екен, бірақ «Касымпаша» бапкерінің өз жұмысынан кететіні өкінішті…

Жауап
Ернар Каштан 15-Март, 2015 at 10:27

Әрине құрмет көрсету керек! Бұл да бір қызық!

Жауап
Еркебулан 15-Март, 2015 at 1:37

ооо обе забьют шықты

Жауап

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*