ALADOP.KZ
Ұлттық құрама

Ұятсыздық. Балықшылардан жеңілдік

7WxkMWp6YB4Исландиядағы көптеген адамдардың кәсібі балық аулау. Балықшылық жұмысы ол жақта атадан балаға берілетін ата-кәсіп. 300 мың тұрғыны бар кішігірім аралдық құрама командасы Қазақстан құрамасын 3-0 есебімен жеңді. Алматы қаласы, Әуезов ауданында да 300 мың адам тұрады. География, өнер, саясат, экономика салаларында шаңымызға ілеспейтін кішігірім аралдың бізді осыншама жер қылатындайы бар ма еді. Неге сонша сорлап ұтылдық?

Жауабын ойын соңынан кейін Юрий Красножан да бере алмады. Оның айтқан ақталуын осыдан 5 жыл бұрын Шторктың аузынан, 2 жыл бұрын Беранектің сөзінен естіген едік. Бәрінің айтатыны бір сөз. Бәрінің беті қалың. Бүлк етпейді.

Самат Сымақовта ойын соңынан кейін шындығын айтты. — Біздің командаға бұл ойында не жетіспеді деген сұраққа — Бірдеңе жетіспеді. Бізге үнемі бірдеңе жетіспейді. Соңғы 15 жыл сол бірдеңе жетіспей келеді — деді.

Эйдур Гудбонсен болса былай деді. — Қазақстанның қорғанысы өте нашар қателіктер жасады. Соның арқасында үш гол соғып, жеңіске жеттік.

Қазақстан — Исландия 0:3 (0:2)
Гол:
 Гудьонсен 20 (0:1), Бьярнасон 32 (0:2), Бьярнасон 90 (0:3)
Ескерту: Нұрғалиев 55, Қуантаев 70 — Скуласон 63
Қазақстан: Сидельников, Гурман (Қуантаев 67), Воротников, Абдулин (Щеткин 80), Сымақов, Суюмбаев, Логвиненко, Исламхан, Тағыберген, Нұрғалиев (Қонысбаев 56), Тәжімбетов
Исландия: Хадльдорссон, Севарссон Б., Сигурдссон, Арнасон, Скуласон А., Бьярнасон Б., Сигурдссон Г., Гуннарссон (Хадльфредссон 72), Гудмундссон, Сигторссон (Бедварссон 70), Гудьонсен (Финнбогасон 83)
Төреші: Сидиропулос (Грекия)

5 комментариев

Төре Айболатұлы 29-Март, 2015 at 12:48

Казактарда опыт жок!!!

Жауап
Жанабек 29-Март, 2015 at 1:19

Булардан озбектин стройтельдери жаксы ойнайды фудболшыларга наказат ету керек 2.3 айлыктарын бермеу гурман сиделнеков т.б 3-4 ап тастау керек

Жауап
Шакират 29-Март, 2015 at 1:24

Ұлттық құраманың ойынынан жалығасын. Бірақ өсу бар. Өсу бар деп келе жатқанымызға жарты ғасыр болды. Шынымды аитаиын жалықтым, жалықтым, ЖАЛЫЫЫҚТЫм ұлттық құрамадан. Мысалға кешегі оиынды алар болсақ. Менің шабуыл шебімен орталыққа түк ренішім жоқ. Қорғаныспен, қақпа неге сап-сары орыстардан басқа адам жоқпа. Сиделадан көше қақпашысы жақсы тұрады. Өмірі сол команданы оиын басталмаи жатып жерлеп тастаиды. Сондада бапкерлерде сана жоқ апарып тұрғыза берет. Ана екі тақырбас шал қорғаныста неғып жүргендерін өзі білема. 3 адам жүріп 1 адамға гол салдырды недеген масқара. Қара домалақ жас балдарды алаиық деиді, алды орталықпен шабуыл тек қана қазақтардан тұрды бірақ бұларда 2 ойын оинап ақ көп шабуыл жасады яғни дамыды бірден. Солайда қорғаныспен қапаға істесе боладығо жастарды алып. Абдулинмен Вортниковтың тактикалық сауатсыздығы кешегі оиында аиқын көрінді. Сол екеуінің орнына Нұрдаулетовпен тағы біреуді алса боладығо. Нұрдаулетов капитан қайда неге шақырту алмаиды?. Барлығын шештін тек ақшама?. Ауылда талаи саңылақ бар. Бірақ ондай жерлерде көрінгісі келмиді өйткені байдың балдары оларды ақшамен оинатпаи тастап босқа өмірін құртып алама деп қорықат.

Жауап
Сүйеу Парасат 31-Март, 2015 at 2:56

ӨЛІҢ,ДҰГА ОКИМЫЗ ӨЛСЕҢДЕР

Жауап
карим карим 1-Апрель, 2015 at 7:27

Исландия футболы каркынды дамуда. ЧМ ириктеу ойындарында, тогытпа матчтарында жаксы ойнады. Исландия балыкшылары тугил Фарер балыкшыларын зорга жендик.

Жауап

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*