ALADOP.KZ
Қазақстан

Равиль Сабитов Юрий Красножан туралы

Қостанайлық «Тобылдың» бұрынғы бас бапкері ресейлік Равиль Сабитов Қазақстан құрамасының жаттықтырушысы Юрий Красножанның жұмысы туралы өз ойын білдірді.

Сабитов РФК-ның ресми сайты берген сұхбатында былай деді: «Қазақстан құрамасының тізгіні ресейлік бапкер Юрий Красножанның қолында. Ол келген соң, қазақстандықтардың ойыны жақсарды. Ойыншылар тырысуда, бірақ оларға шеберлік жетіспей жатады. Бүгінгі таңда ұлттық құрамада жергілікті ойыншылар ойнап жүр. Ресейге қарсы кездесуде жасыл алаңға Қазақстан құрамасының ең мықты ойыншылары шығады». Естеріңізге сала кетсек, Равиль Сабитов 2010-шы жылы «Тобылмен» бірге ел чемпионатын жеңген болатын.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*