ALADOP.KZ
Қазақстан

Сергей Гридин Латвиядағы алғашқы голын салды

Жақында ғана Латвия чемпионатына ауысқан Қазақстан құрамасының шабуылшысы Сергей Гридин «Спартак» (Юрмала) сапындағы алғашқы голын соғып үлгерді.

Латвия біріншілігінде «Гулбене» «Спартактан» 0:3 есебімен жеңіліп қалған. Сергей Гридин үш голдың біреуін өз атына жазды.

Естеріңізге сала кетсек, 27 жастағы футболшының соңғы клубы шымкенттік «Ордабасы» болатын.

3 комментария

Арман Серікұлы 16-Март, 2015 at 5:52

Жақсы, сондай-ақ Польшаның «Корона» сапынан оралған Сергей Хижниченконыңда кешегі 3-тур аясында «Таразбен» өткен ойында өзінің алғашқы голын соғып «Ақтөбеге» жеңіс силағанынанда хабардармыз. Бұл әрине жақсы бастама ұлттық құраманың ойыншысы үшін. Хижаны жанкүйерлердің жамандап жататыны бар ойнай алмайды деп, бұл дұрыс емес Хижниченконың 2011 маусымдағы 16-голын, 2013-14 маусымдағы Еурододаларда қарағандының «Шахтерымен» жасаған ерліктерін ұмытпаған жөн. Сол кезде қуанбаған қазақ жоқ деп айтсам артық айтпаған болармын. Әлі-ақ Хижниченко да Гридин да өз ойын табар, әзірге бастамасы жаман емес!

Жауап
Бауыржан Мағау 16-Март, 2015 at 7:25

Жақсы жаңалық! Жарайсың! Алғашқы ресми матчында ақ гол соғыпты. «Ақтөбе», «Атырау», «Ордабасыда» бағы жанбай, жолы болмап еді. Латвияға кетіп, дұрыс шешім қабылдапты. ҚПЛ-де ойыны жүрмей жүрген ойыншылар, осылай балтық жағалауының елдерінің лигасына ауысқандары дұрыс сияқты. Қанша дегенмен, Еуропалық футболдан алпауыт біріншіліктерге жақын орналасқан ғой. Егер, Латвияда ерекшеленіп көзге түссе, скауттардың назарына тез ілігеді. Бір жарқ етіп, қайта сөніп, Қазақстандық жетекші клубтарға ауысып, өз мүмкіндігін көрсете алмағандарға, Гридиннің жолын таңдаса, тиімді шешім еді… Қосалқы құрамда телміріп отырғаннан гөрі, осылай орташа деңгейдегі лигаларға барып, бақтарын сынаған дұрыс… Мүмкін, осы Гридин салған сара жол арқылы, қазақстандық жастардың бір тобыры Еуропаға қарай жол тартады ма екен..?

Жауап
Ернар Каштан 16-Март, 2015 at 7:29

Құттықтаймын Сергей,оданда жақсы нәтижелерге жете бер деп тілеймін.Гридинді мақтағаны Қазақстанды мақтағаны,бұдан кейін де голдары көп болсын.Әйтеуір жаман атты болмаса болды!

Жауап

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*