ALADOP.KZ
Әлем футболы

Стивен Джеррард алаңнан қуылғаны үшін кешірім сұрады

«Ливерпульдің» капитаны Стивен Джерард «Манчестер Юнайтедке» қарсы матчта алған қызыл қағазы үшін кешірім сұрады.

«Осы қызыл қағазға көнуім керек. Қызыл қағаз алуым лайықты. Мен әріптестерім мен фанаттарды жарға жықтым. Жауапкершілікті өз мойныма аламын. Неге осылай болғанын білмеймін. Шамасы, оның алдындағы допқа таласудың кегі шығар (допқа Эррерамен таласты).

Бұл оқиға туралы ештеңе айтқым келмейді. Жанкүйерлер мен жігіттерден кешірім сұрау үшін келіп тұрмын. Допқа ең соңғы рет жанасқанымша бар ойым «Ливерпуль» туралы болады», — деді Джеррард.

 

1 пікір

Бауыржан Мағау 23-Март, 2015 at 11:54

Шыныменде, Стиви Джидің кешегі матчта жасаған әрекеті дұрыс болмады. Әр матчта салқынқанды, бір қалыптан айнымайтын Ливерпуль ардагері Джерардтың жүйкесі осы жол сыр берді. Бірақ, мінсіз адам болмайды және өзінің қателігін мойындаған да, ер жігітке тән қасиет. Матч туралы айтар болсам, алаң иелері жеңіске лайық болды. Бірақ, «Манчестер Юнайтедтің» ойыншысы Мата ерлік жасап, қаһарман атанды. Голландиялық маман Ван Гал енді Матаға негізгі құрамнан орын беруі тиіс. Өйткені, алдағы матчтарда испаниялықтың «қызыл сойқандарға» тигізер пайдасы көп…

Жауап

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*