ALADOP.KZ

5 комментариев

Ернар Каштан 21-Март, 2015 at 7:31

Тараздықтар жарады.Жергілікті жанкүйерлердің алдында тамаша ойын көрсете білді.Ал Алматылықтардың алаң йелеріне қарсы құрған тактикасы өз жемісін бермеді.Тараз қорғаныста да,шабуылда да керемет ойнаты.Нәтижесінде Тараз өз дегеніне жетіп,жанкүйерлеріне керемет тосын сый жасады.
Бір қынжылтатыны 4-турда өткен 6 матчта бар болғаны 10 гол соғылды.Тараз-Қайрат арасындағы матчта жалқы гол соғылса,Ертіс-Тобыл ойынында командалар 1-1 голдан соғып тарқасты,4-турдың тағы да бір қызықты ойыны Ақтөбе-Ордабасы матчында да есеп ашылмады,Атырауда өткен матчта да тең есеп тіркелді.Бұған дейін ұпайдан шашау шығармай келген Астаналықтар примерь-лигада ұпай жоғалтты.Олар Атыраумен 1-1 есебімен тең ойнады.
Ал Қарағандылық Шахтер «Метталург» стадионында Қызылордалық «Қайсардан» 1-2 есебімен ұтылды.Бұл Қарағандылық жанкүйерлерге ауыр тиді.Ал Қайсалықтар қайсар мінез танытып,сырт алаңда 2 гол соқты.
Астана-Аренада өткен Оқжетпес-Жетісу матчында Оқжетпес Жетісу қақпасына жауапсыз 2 гол соғып,3 ұпайды қоржындарына салды!!!

Жауап
zhadirasin kuatbai 21-Март, 2015 at 9:16

Қайсар жанкүиерлерін бір қуантып тастады. Көптен күткен женіс .Қайсардан алдагы ойындардада жеңіс күтеміз. Тараз бен Атырау жарады. Ақтөбе өз ойындарын таба алмаи келеді.

Жауап
Арман Серікұлы 21-Март, 2015 at 10:30

Қайраттықтардың биылғы маусымдағы ең сәтсіз ойындарының бірі болды, ойындары жүрмеді. Бәрін айтта бірін айт Жақып Қожамбердының голдық әдемі пасымен бүгінгі ойындағы әдемі ойынын айт. Яровенко шәкірттері өздерінің алғашқы 3-ұпайларына қол жеткізді. Жарайсың Тараз!

Жауап
Бауыржан Мағау 22-Март, 2015 at 3:11

Қазақстан премьер лигасының 4 турында атап өтетін, қызықты оқиғалар:
1. Елордалық «Астана» биылғы маусымда бірінші рет ұпай жоғалтты.
2. Алматылық «Қайрат» алғаш рет жеңіліске ұшырады.
3. Маусым басталғалы қақпасына тура соққы дарытпаған «Қайрат» қақпашысы Плотников, гол жіберіп қойды.
4. Ақ қызылдардың жас қақпашысы Покатиловтің қақпасына ешкім, гол соға алар емес.
5. Қарағандылық «Шахтёр» 3 матч бойы жеңілістен көз ашпауда.
6. «Шахтёр» шабуылшысы Топчагич соңғы екі кездесу бойы есепті теңестіргенімен, кеншілер 2:1 есебімен қайта қайта жеңілуде.
7. Биылғы маусымдағы алғашқы автоголдың авторы «Атырау» ойыншысы Григорьев.
8. Мақсат Байжанов үшінші рет, командасы үшін өте маңызды шешуші гол соқты.
9. «Тараз» командасы алғашқы жеңісіне қол жеткізді.
10. Көкшетаулық «Оқжетпес» 3 тур бойы жеңісті сериясын жалғастыруда.
11. Қостанайлық «Тобыл» командасы алғашқы голын соқты, гол авторы эстониялық Мошников.
12. Қызылордалық «қасқырлар» сырт алаңда «кеншілерден» айласын асырып, биылғы маусымдағы алғашқы жеңісіне жетті.
13. «Қайсар» командасының сапында ең алғаш гол салған Пламен Димов.
14. «Жетісу», «Шахтёр» ұжымдары әлі де, жанкүйерлерін жеңіспен қуанта алмауда.
15. Ал, «Астана», «Ақтөбе», «Ордабасы» болса, жеңіліске ұшырамай келеді.
16. «Оқжетпес» капитаны Әлібек Бөлешов ҚПЛ-де араға 5 жыл салып, гол соқты.
17. Елордалық «Астана» 4 тур бойы қарсыластар қақпасына үздіксіз гол соғып жүрген жалғыз ұжым.

Жауап
Бауыржан Мағау 22-Март, 2015 at 1:10

Бәріңізді Ұлыстың ұлы күні — Наурыз мерекесімен шын көңіл, ақ ниетпен құттықтаймын! Ежелден жаңару мен жақсылықтың бастауы , ырыс пен берекенің арқауы болған Әз-Наурыз қажырлы еңбектеріңізге толағай табыстар әкелсін. Ел тыныш, туған жер аман болып, арайлап атқан әр таң шат көңіл, бақыт және береке сыйласын! Ақ мол, жыл ырысты болсын!

Жауап

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*