ALADOP.KZ
3-тайм

Апта аяғына дейін Видаль «Бавария» футболшысы атанады

«Ювентустың» жартылай қорғаушысы Артуро Видаль Гвардиола баптайтын командаға ауысуға жақын

Туриндік клубтың директоры Беппе Маротта келіссөз жүргізу мақсатымен Мюнхенге кетті деп хабарлайды Sky Sport Italia басылымы. Трансфер құны 35 миллион еуроны құрағалы отыр. Сонымен қатар, чилилік футболшы Бавария сапында сәтті өнер көрсетсе «кәрі сеньора» қазынасы тағы да 4 миллион еуроға байымақ.

28 жасар футболшы болса немістік клубпен жеке келісім-шартты келісіп қойған көрінеді. Уақыты-4 жыл. Жылдық табысы 6,5 миллион еуро.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*