ALADOP.KZ
Әлем футболы

Альба: «Мен Луис Энрикемен соңғы демім қалғанша біргемін»

«Мен Луис Энрикемен соңғы демім қалғанша біргемін. Ол маған көптеген көмегін берді. Энрикемен таныспастан бұрын, футболдың бірнеше заңдылықтарын білмеген болатынмын. Луис — қазіргі таңдағы «Барселонаның» үздік бапкері.

«ПСЖ-ға» қарсы ойында камбэк? Бұл қиынға соғады, дегенмен, олар бізге төрт бірдей жауапсыз гол соқса, бізде соға аламыз деген сөз. Егерде бұл сөзге өзіміз сенім танытпасақ, онда алаңға шығудан не пайда?» — деді Жорди Альба «Marca» басылымына.

Баян Қабден

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*