ALADOP.KZ
Қазақстан

Қарағандылық <<Шахтер>> клубының ойыншысы Андрей Финонченко футболдық мансабын аяқтады

Қарағандылық Шахтер клубының шабуылшысы Андрей Финонченко спорттық мансабын аяқтады. Бұл туралы клубтың ресми сайты хабарлады.

Алайда, ол клубтан кетпейді. Алдағы уақытта Финонченко команда бас бапкері Алексей Еременконың ассистенті болады.

34 жасар Андрей Финонченко спорттық мансабының барлығын «Шахтер» клубында өткізді. «Шахтер» үшін алғашқы ойынын 2001-ші жылы ойнады. Содан беріп «Шахтер» жейдесімен 434 ойын өткізіп 126 гол соқты. Қарағандылық клубпен екі рет ел чемпионы атанып, бір реттен Қазақстан кубогы мен Қазақстан суперкубогында топ жарды.

2003-ші жылы ел біріншілігінің үздік сұрмергені атанды. «Шахтер» клубымен Чемпиондар лигасында ойнады. Еуропа лигасының топтық кезеңіне жолдама алды.

Ұлттық құрамада 2003 -2014-ші жылдар аралығында 20 ойынға қатысып бес гол соққан.                                                                                                         Нұрсұлтан Оразымбет.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*