ALADOP.KZ
Әлем футболы

Обамеянг: «Жаз айында «Боруссиядан» кетемін, жаңа деңгейде ойын көрсеткім келеді»

Бундеслиганың бірінші жартысының үздік ойыншы әрі сұрмергені Пьер-Эмерик Обамеянг Дортмундта соңғы жарты жылдығын өткізетінін мәлімдеді. Жаз айында бұл ойыншы Германиядан кететін тәрізді, себебі, «Дортмунд» ойыншысы «Бавария» жейдесін кимеймін деп ант су ішіп отыр.

«Егер мен жаңа деңгейге шығар болсам, ол жаз айында орындалады.  Мадридтік «Реал» мен үшін арман болып қала береді. Әрине, біз топ-клубпыз, алайда,  «Реал», «Барселона» немесе «Бавария» сынды клубтарға баруым екі талай» — деп мәлімдеп отыр «Боруссия Д» ойыншысы

 

Баян Қабден

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*