ALADOP.KZ
Әлем футболы

«Ростов» сенімді ақтады

Европа лигасының 1/8 ойынында «Ростов» өз алаңында «Манчестер Юнайтед» ті қабылдап 1:1 есебі мен қос команда тең тарқасты. Тартысты өткен ойынның 35-минутында қонақтар сапында Мхитарян дәл соққысымен көзге түссе, 53-минутта Бухаров есепті теңестіре білді, осылайша қос команда тағдыры қарымта ойында шешілмек. Айта кетейік «Ростов» клубы европа кубогі жолындағы не бары 16-кездесуін өткізді, өз кезегінде «Манчестер Юнайтед»клубы кезекті мәрте сәтсіз ойын көрсетті, десекте бұл сәтсіздікке бірден бір себеп «Олимп-2» стадионындағы көгалды айтуға болады. Бұл ойын футболда қаражаттың маңызы аса зор емес екеніне тағы бір мәрте көз жеткізді.
Естеріңізге сала кетсек қарымта ойын 16-наурыз күні «Олд Траффорд» та өткізіледі.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*