ALADOP.KZ
3-тайм

Әлем чемпионаты-2018-де видеоқайталау пайдаланылады

1

Футболдан 2018 жылы Ресейде өтетін әлем чемпионатында видеоқайталау қолданылады. Бұл туралы ФИФА президенті Джанни Инфантино айта кетті.

— 2018 жылғы әлем чемпионатында төрешілерге видеоқайталау көмектесетін болады. Бұл ойынның әділ өтуіне өз септігін тигізеді, — деді ФИФА басшысы.
Видеоқайталау әлем чемпионатына дейін 2017 жылғы Конфедерация кубогында да қолданылатын болады.

Айта кетейік, өзге спорт түрлері секілді (теннис, хоккей, т.б.) видеоқайталауды футболға енгізу мәселесі бірнеше жыл бұрын көтерілген еді. Екі жылдай уақыт сынақтан өткен жоба ФИФА тарапынан ресми түрде қолдау тауып отыр.

Төрешілер ойында қателікке бой алдырып та жатады. Осындайда видеоқайталаудың қажет болатыны жасырын емес. Әсіресе офсайд кезінде. Дегенмен видеоқайталау ойынның қарқындылығын төмендетіп, уақыт алатыны тағы бар. Сондықтан да спорт сарапшылары мен көп жанкүйерлер футболға видеоқайталаудың енгенін құптамайды.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*