ALADOP.KZ
Әлем футболы ӘЧ-2018

Қақпа бағанын дәл көздей алмаған Жиру да чемпион

Франция құрамасының шабуылшысы 2018 жылғы Әлем чемпионатында мергендік шеберліктің ғажайып көрсеткішімен таң қалдырды.

 

Францияның шабуылшысы турнирдің барлық жеті кездесуіне де қатысып, алаңда 547 минут уақыт өткізіп гол салмақ түгілі, қақпа бағанын дәл де көздей алмай, Әлем чемпионы атағына ие болды. Барлық чемпионат ойындарында Жиру қақпаға қарай 13 соққы жасаған екен.

Бұған дейін, Францияның қақпашысы Ареоланың құрама сапында бірде-бір ойын өткізбестен Әлем чемпионы атанғанын атап өткен болатынбыз.

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*