ALADOP.KZ
Қазақстан

«Қайрат» — «АЗ Алкмаар» бас төрешісі тағайындалды

2-ші тамыздан 3 тамызға қараған түні өтетін Еуропа лигасының екінші іріктеу турнирі аясында кездесетін «Қайрат» — «АЗ Алкмаар» бас төрешісі тағайындалды, деп хабарлайды Prosports.kz

«Қайрат» — «АЗ Алкмаар» бас төрешісі болып македониялық рефери Димитер Мечкаровский тағайындалды. Ол өзінің отандастары Деян Неделкоски және Гоце Петрескимен бірге матчқа төрелік етеді, Деян Якимовски төртінші арбитр болып тағайындалды.

Естеріңізге сала кетейік, Еуропа лигасы екінші іріктеу туры аясындағы алғашқы матчта «Қайрат» нидерландылық АЗ командасын Адеринсола Эсеола – 2:0 дублі арқасында жеңген болатын.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*