ALADOP.KZ
Қазақстан

Акмал Бахтияров алты айға футболдан шеттетілді

Қазақстан футбол федерациясы «Қайрат» футбол клубының ойыншысы Акмал Бахтияровтың ісіне қатысты prosports.kz сайтының сұрақтарына жауап берді.

— Футболшы қанша уақытқа дейін дисквалификацияланды? Жазалау — Премьер-Лига ойындарына қатысуға тыйым салу дегенді білдіре ме, әлде барлық турнирлерге қатысты ма?
— Бахтияровты дисквалификациялау мерзімі — алты ай.

Ол Премьер-Лига командаларымен қатар Бірінші, Екінші лига командалары арасында Қазақстан Республикасы Біріншіліктерінен шеттетілетін болады.

— Ойыншыға салынатын айыппұлдың мөлшері қанша?
— Футболшы 500 мың теңге мөлшерінде айыппұл төлейтін болады.

— Ойыншы келісімшартқа байланысты нақты қандай ережелерді бұзып отыр?
— Келісімшартты маусым барысында біржақты тәртіпте тоқтатуға болмайды.

Prosports.kz сайтына берген сұқбатында агент Дмитрий Селюк FIFA ережелері бойынша келісімшартты заңсыз тоқтатқаны үшін футболшыны дисквалификациялаудың максималды мерзімі төрт ай болады деген еді.
Келісімшартты заңсыз тоқтату үшін ойыншы алты айға дейін дисквалификацияға ұшырауы мүмкін. Селюктің айтуынша, Бахтияровтың келісімшартында оның клубтан келісімде көрсетілген мерзімнен бұрын кетуіне жол беретін тармақ бар. Келісімшарттың 6.7-тармағына сәйкес Бахтияров келісімшартты бұзуға, оның шешімін клубқа 30 күн ішінде хабарлауға, содан кейін еңбек шартының қалған мерзіміне жалақысына тең соманы төлеу арқылы арадағы келісімшарттың күшін жоюына болады. Бірақ, «Қайрат» футбол клубы футболшының басқа клубқа ауысуына тыйым салып отыр. Осы ақпарат рас па?
— Федерацияда «Қайрат» футбол клубының футболшымен еңбек шарты тіркелген. Оны бұл маусымда біржақты тәртіпте бұзу мүмкін емес.

— Демек, Бахтияров әлі де «Қайрат» ойыншысы болып саналады ғой?
— Келісімшартты бұзу заңсыз болғандықтан, ол «Қайратқа» тиесілі және дисквалификациядан кейін осы команданың ойыншысы деп танылады. Ол әлі де «Қайраттың» ойыншысы.

Естеріңізге сала кетейік, «Қайраттың» жас ойыншысы Акмал Бахтияров маусым айының соңында өз еркімен командадан кетіп қалған болатын. Ол агентінің уәдесіне сеніп, өзіне лайықты команда іздеп көрген. Алайда, «Қайрат» ойыншының бұл қадамына қарсы шығып, Дауларды шешу Палатасына арыз жазған еді. Нәтижесінде 24 шілдеде Дауларды шешу Палатасы (ПРС) ойыншыны дисквалификациялау және оған айыппұл салуға шешім қабылдады.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*